Семейде қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен
Қайғылы оқиға 16 ақпанда Семей қаласының 1-шағынауданында болды. Полицияға куәгерлер қоңырау шалып, жергілікті тұрғынның тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болғанын хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қазір қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.ШҚО ПД баспасөз қызметі
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сай жариялауға жатпайтыны атап өтілген.