Тамара Асар: «Президент сұхбатта еңбекшіл халық мәселесін орынды көтерді»

0

Елімізге танымал әнші Тамара Асар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатынан кейінгі пікірімен бөлісті.

«Президенттің сұхбатын бастан-аяқ тыңдадым. Алдымен маған ұнағаны сұхбатты мемлекеттік тілде бергені, құлаққа жағымды. Және барлық сұрақтарға дипломатиялық тұрғыда жауап берді. Яғни кесе-көлденең жауап болған жоқ. Бұл әр қазақстандық үлгі алатын дүние. Жылы сұхбат болды. Тағы бір жаныма жақын келген жайт, Мемлекет басшысы халықты еңбек етуге шақырды. Шынында да, халық еңбек сөзінен алшақтап кеткен секілді. Нағыз еңбекқорлар азайып барады», — деді Тамара Асар.

Әншінің айтуынша, елде жұмысшы таптың сапасын арттыру қажет.

«Президенттің еңбекшіл халық мәселесін көтергені маған қатты ұнады. Себебі, қазір екінің бірі саясаткер, блогер немесе интернеттің гүлі. Қара жұмыстың адамы аз, нағыз еңбекқор, жұмысшы күші көбейсе», — дейді өнер жұлдызы.