Халықтың мәселесі күн тәртібінен түспейді

0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тассай тұрғын алабы мен Нұртас және Мирас шағын аудан тұрғындарының өтінішін тыңдап, халықты толғандырған кез келген мәселенің назардан тыс қалмайтынын, олардың күн тәртібінен түспейтінін жеткізді.

10 мыңнан астам тұрғыны бар Тассай тұрғын алабы сапалы электр және ауыз сумен толық қамтылған болса, табиғи газбен 80 пайызы қамтылған. Қалған 20 пайызын көгілдір отынға қосу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2022 жыл. Ал, кәріз жүйесімен қамту мақсатында «Сарыағаш Аман» ЖШС мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылысы жыл соңында аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен бірге биыл интернет сапасын жоғарлату бойынша 1 базалық станция орнатылады.

Нұртас шағынданында тұратын 16 мыңға жуық халық пен Мирас шағын ауданындағы 4 мыңнан астам тұрғын толық табиғи газбен, электр жарығымен, ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы бұл елдімекендерде жалпы 5 көше жарықтандырылып, 4 спорт алаңша салынған. Мираста бүгінде кәріз жүесінің құрылысы жүргізілуде.

Жергілікті тұрғындар қазылған жолдарды қалпына келтіру, тас жолдарға асфальт салу мәселесін айтты.

Қала басшысы 2022-2023 жылдары жаңақұрылыс аумағында инфрақұрылым жүйелері аяқталуына орай, көшелерді асфальттау жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Сонымен қоса, әрбір елді мекенде көтерілген проблемалық мәселелерді шешу бойынша әкімдікте арнайы жиын ұйымдастырылып, талқыланады және шешу мерзімі белгіленеді деді.