Әбілов: Адамдардың азапталып, өлтіріліп жатқаны Назарбаев жүйесінің жаңғырығы

0

Саясаткер және кәсіпкер Болат Әбілов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салған жүйені жоюға шақырды, деп хабарлайды кznews.kz сайты kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ең алдымен Назарбаев жүйесін жою керек деп ойлаймын. Оның негізін Назарбаев 30 жыл бойы қалады, ал ол үш күнде қирап қалды. Неліктен? Өйткені ол өтірік, қорқыту, зорлық-зомбылыққа негізделген. Ал қазір көріп отырмыз — зорлық-зомбылық жалғасып жатыр. Алаңда «Шал кет! Шал кет!» деп ұрандатып жүргендер көп. Бірақ олар алысқа бармады. Қазір түрмелерде, уақытша ұстау изоляторларында, полиция бөлімшелерінде полицейлердің азаптап, мүгедек етіп, өлтіріп жатқаны — Назарбаев жүйесінің жаңғырығы. Біз мұндай жағдайдың қайталанбауын, қазақтың қазақты қинамауын, елімізде ешкімнің бірі-бірін атпауын, алаңда қан төгілмеуін қамтамасыз етуіміз керек», — деді Әбілов.

Сонымен қатар Болат Әбілов саясатқа қайта оралғаны туралы да айтып өтті.

Саясткер қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлі де нақты реформалар жүргізуіне мүмкіндігі бар деген пікірін білдірді.

«Енді біз Тоқаевты бақылаймыз. Яғни, қазір саяси реформалар күтетініміз анық. Экономика туралы айтуға болады, мұның бәрі түзетіледі, жемқорлық туралы айтуға болады, бірақ бұл әлі де белгісіз. Бізге қазір нақты саяси реформалар қажет», — деді Әбілов.