Елордада сұлулық салонының қызметкерлері мен клиент арасындағы жанжал төбелеске айналды (видео)
Нұр-сұлтан полиция департаменті Сауда ойын сауық орталықтарының бірінде Сұлулық салонындағы жанжалдың мән-жайын анықтап жатыр. Әлеуметтік желіде шаштараз бен клиент арасында кикілжің болғаны туралы видео пайда болды, деп хабарлайды кznews.kz сайты Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің бірі салонда қызмет көрсеткеннен кейін клиент шеберге шағым жасағанын айтты. Не ұнамады, әлі белгісіз.
«Ауызша дау-дамай барысында клиент телефонын салон әкімшісіне лақтырған. Содан кейін бір ер адам клиенттың бетінен ұрған. Оның мұрнынан қан кетті», — дейді ол.
Оқиға орнына СОО күзет қызметкерлері келді, олар қақтығыс қатысушыларына полиция келгенге дейін аумақты тастап кетуге мүмкіндік бермеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 – бабы – «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оны жасаған күдіктілерге ірі айыппұлдан екі жылға дейінгі мерзімге нақты бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылуы мүмкін», — деп хабарлайды ZTB Каналы.