Ресей елшісі: «КСРО-ның ыдырауы Ресейге трагедия, ал Қазақстанға қуаныш»
Елші Қазақстан мен Ресей арасындағы қарама-қайшылықтар жайлы да айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Ресей КСРО-ның ыдырауын трагедия ретінде қабылдайды, ал Қазақстан керісінше 30 жыл бұрын Тәуелсіздік алдық дегенге акцент қояды. Тәуелсіздік қазақтар ондаған жылдар бойы ұмтылған құндылық, сондықтан олар бұл жетістікпен мақтанады. Әрине, олардың оған толық құқығы бар.
Тағы бір тарихи мысал келтірейін. Қазақтар өз тарихын «Алтын Ордадан» бастау алады деп санайды және өткен жылы «Алтын Орданың 750-жылдығын» атап өтті. Ал Ресей үшін «Алтын Орда» моңғол шапқыншылығы мен 300 жылдық бодандық ретінде қабылданады. Әрине, әркім өзінің тарихи көзқарасын ұстануға құқығы бар. Бастысы тарихи оқиғаларды саралағанда объективтілік болғаны дұрыс, тарихты бұрмалап, оның саяси мақсатта қолданып, елдер арасына сына қағуға қолданбау керек. Бұл сонымен қатар өте нәзік мәселелер болып саналатын 1916 жылғы Түркістан көтерілісі, 1920-1930 жылдары болған аштық, сталиндік репрессияға да қатысты. Тарихты тарихшыларға қалдырған дұрыс», — дейді ол.