Ералы Тоғжанов Сапарбаевтың орынбасары атанған інісі жайлы өз ойын айтты — новости Казахстана
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов туған інісі Марат Тоқжановтың Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Журналистердің сауалына жауап берген Маңғыстау облысының әкімі інісінің бұл қызметке тағайындалуына өзінің қатысы жоқ екенін айтты.
«Оның тағайындалуына ешқандай қатысым жоқ. Сіздер біліп жүріңіздер», — деді Ералы Тұғжанов Астанада өткен брифингте.
Сондай-ақ журналистер әкімнен неліктен ағайынды бауырлардың тегі екі түрлі екенін сұрады.
«Біздің тегіміз бірдей. Тек әріптері әртүрлі. Тегіміз де, ата-анамыз да бір», — деді Тоғжанов.
Шенеунік жаңа қызметке тағайындалған інісі үшін қуанышты екенін де жасырмады.
«Мен ол үшін қуаныштымын. Ол түрлі қызметтер атқарды. Аудан әкімі, әкімнің орынбасары болды. Бұл шешімді Ақтөбе облысының әкімі қабылдаған. Сондықтан сұрақтарды сонда қоюды өтінемін», — деді Ералы Тоғжанов.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар