«Тоқаев бар кінәні Назарбаев жүйесіне жапқан күннің өзінде бұл қара дақтан құтыла алмайды»

0

Риторика Путиндікіне қатты ұқсайды. Ресей басшысы «Бірінші арнаға» сұхбат беріп отырғандай әсер қалдырады. Еуроодақ парламентіне көп ақша кетеді екен, ал олар қабылдаған Қазақстан туралы қарарды шетелге қашып кеткен байлар жазғызыпты. )) Томск, Новосибирск сияқты Ресейдің аймақтық университеттері мықты, ал Батыс университеттері «ақша берсең диплом баса береді». ))

Екіншіден, наразылыққа шыққан халықтың басым бөлігі — қарапайым қазақтардан тым алшақтық байқалады. Олардың талаптары, қажеттіліктері туралы ештеңе жоқ. Қайдан шыққаны белгісіз Алматы қаласының атауы туралы сұраққа «Алматы больше подходит для людей казахоязычных», құжатты ауыстырып қайтеміз, әркім өзіне ұнаған атымен атай берсін деді. Яғни қазақ қоғамындағы постколониалдық сана, ұлттық жаңғыру, өзін сол бұқараның басшысы ретінде сезіну байқалмады.

Қаңтардағы қасіреттің жарасы сыздап тұрғанда демократия, саяси реформа туралы әңгіменің бәрі бос сөз болып қала бермек. Халық қазір сенім артатын көсемін іздейді. Тоқаев бар кінәні Назарбаев жүйесіне жапқан күннің өзінде бұл қара дақтан құтыла алмайды.

«Шетелден шабуылдаған 20 мың бандиттің» кім екені тағы да аталмады. Орталық Азияның бір қаласынан гастарбайтер болып келгендер, олар «Қазақстан» қонақүйінің бірінші қабатына орналасқан, бес жұлдызды қонақүйде жатқан деген дерек қана айтылды. Бұл қалың бұқараны сендіре алды ма, білмеймін. Жеке маған түк әсер етпеді.

Мұхтар СЕҢГІРБАЙ