«Халық» Қайырымдылық қоры «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард тенге аударды

0

«Халық» Қайырымдылық қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына қосымша 10 миллард теңге бөледі. Мемлекет басшысының бастамасымен 2022 жылғы қаңтарда құрылған Қор денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың маңызды міндеттерін шешуге, төтенше жағдайлар мен төтенше жағдайды енгізу кезінде зардап шеккендерге және еліміздің қауіпсіздігін күнделікті қамтамасыз ететін құқық қорғау қызметкерлері мен әскери қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсетуге арналған.

Қосымша қаржыландыру «Халық» қорының құрылтайшылары Тимур мен Динара Кулибаевтардың жарналарының арқасында мүмкін болды. Олардың тұрақты қолдауының арқасында «Халық» қоры Қазақстан халқына жүйелі көмек көрсетеді: тек 2020-2021 жж. аралығында Қор 18 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырды. Оның ішінде пандемия кезінде халыққа көмек көрсету, медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, ең мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себеттерін тарату, балалар мен жастарға сапалы білім беруді дамыту бағдарламалары, және басқа да қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырды. 2022 жылдың қаңтар айында Кулибаевтар отбасы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін Halyk Bank пен «Халық» қайырымдылық қоры арқылы «Қазақстан халқына» қорына алғашқылардың бірі болып 5 миллиард теңге аударды.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның әрбір азаматының жақсы тұрарлық өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін үкіметтің, қайырымдылық ұйымдары мен меценаттардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған маңызды бастамасын көтерді. Біз еліміздің өркендеуіне бағытталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдауды жалғастыруға дайынбыз» — дейді «Халық» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Кулибаева.