Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың інісі жоғары лауазымға тағайындалды
38 жастағы Василий Скляр Павлодар облысының Полиция департаментіне басшы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Президент Әкімшілігімен келісе отырып, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша Василий Скляр Павлодар облысының Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.
Бүгін Павлодар облысы полициясының жаңа басшысы жеке құрамға таныстырылды.
Василий Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтын және ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірген. 2019 жылдың қазанына дейін Павлодар облысы Ақсу қаласының ішкі істер бөлімін басқарған, одан кейін Екібастұз қаласының ішкі істер органдарын басқарған, Павлодар облысы бойынша ҚІІБ басшысы болып тағайындалғанға дейін жұмыс істеген. Полковник шені бар.