Аңдардың бейнесі балабақшадағы ашық сабақтар

0

ІІ . Өнер орталығы 
Білім беру саласы «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті – жапсыру.
 Тақырыбы:   «Аңдардың бейнесі». (тәрбиеші көмекшісі)
    Мақсаты: Адамгершілікті- мәдениеттілікке тәрбиелеу, үлкенге құрметпен, кішіге қамқор жасауға тәрбиелеу.  Балалардың алған икем, дағдыларын, білімдерін қорытындылау, бекіту, қайшы, карандаш (түрлі-түсті), мақта, желім, түрлі-түсті қағаздарды пайдалана отырып, үй жануарлары: қой, жылқы, ешкі және балықты қиып, оған жұлу әдісімен түрлі-түсті қағазды жабыстыру (қабыршағы), қағазды ұзынша қию арқылы аттың жалын, құйрығын қиып желімдеу, мақтаны желімдеу, техникалық дағдыны жетілдіру.  Балалардың  өз қолдарымен жасаған ойыншықтарын кіші топтағы сыйлау.
Қолданылатын   әдістер: түсіндіру, көрсету, жеке жұмыс.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әзірлеу, түсінік жұмыстары, суреттер, көрнекі құралдарды қарау.
Керекті құралдар: қайшы, картон қағаз, түрлі-түсті қағаз, желім, мақта шүберек, тәрелке.
Сөздік жұмыс: жырту, жабыстыру, мұқият, асықпай қию т.б.
Қостілділік компоненті: жапсыру- лепить,желімдеу- клеить, қию- резать, сыйлық- подарок.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттің барысы:
    Тәрбиеші көмекшісі  алдымен балаларға жұмыстың, істелінетін іс-әрекеті туралы айтады. Бүгінгі жұмыстың мақсаты әдемі, қолдан жасалынған ойыншықтарды кіші топ балаларына сыйға тартамыз дей отырып, қауіпсіздік шаралары туралы айтып өтеді (сұрақ-жауап әдісімен).
Қайшы қалай ұстаймыз? (Қайшыны ықпайлап қағазды қиғанда соның ыңғайына салып қозғау). Қайшыны неге мұқият пайдаланамыз? (Себебі ол өткір, зақым келуі мүмкін) т.с.с.
Жұмысты неден бастаймыз, ең алдымен негізгі бөлігін жабыстыратын нәрсені даярлаймыз, қиямыз. Содан соң жабыстыру жұмысын жүргіземіз.
Болған соң жұмысты жақсы шықты? Саған қай ойыншық ұнайды, неге?

ІІІ. Ас -үй орталығы
Білім беру саласы «Денсаулық»
ҚҰйымдастырылған оқу – іс- әрекет түрі- Валеология
 (өткізген Шыңғыстың анасы)
    Мақсаты: Салатқа қолданылатын жеміс-жидектердің атын білу, тану, түсін, дәмін, пішінін айыру; Қауіпсіздік шаралары туралы түсініктерін жетілдіру,геометриялық пішіндер: төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек туралы ұғымдарын бекіту; тазалыққа, мұқияттылыққа үйрету, тәрбиелеу, үлкенге көмек беруге, адамгершілік сезімге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:     Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Керекті құралдар: тақта, пышақ, жеміс-жидек, үлкен-кішілі ыдыстар, қасық, иогурт.
Сөздік жұмыс: мұқият тураймын, араластырамын, дәмді, тамаша, қақ бөлу.
Қостілділік компоненті: дәмді- вкусный, жеміс- фрукт, көкөніс- овощ. 
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттің барысы:
    Балалар дөңгелене отырады. Әрқайсысына жапқыш орамал, тақтайша, пышақ таратылады.
    Ата-ана балалардан алдымен жеміс-жидектердің атын сұрайды, түсі, дәмі, пішіні туралы сұрап өтеді. Салат жасарда немесе жеу алдында жеміс-жидекті жуу керектігін  және пышақты оң қолмен оңтайлы ұстап жемісті ортасынан қақ бөліп, ұсақ төртбұрыштап турау керектігін айтады. Балалар жеміс-жидек туралы тақпақтар айтады. Жеміс-жидектің адамға пайдалы, дәруменге бай екендігін айтады. Жұмыс аяқталған соң, балаларды атап өтіп, мадақтайды.
Қорытынды. Барлық орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта орындаған жұмыс нәтижесі туралы әңгімелейді. Тәрбиеші балаларға рахмет айтып, мадақтайды. 
Балалар белсенділік орталықтарымен ауысады. 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!