ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Карин зиялы қауым өкілдерімен кездесті

0
Бұл туралы Ерлан Карин өзінің Фейсбук парақшасында былай деп жазды:
Бүгін зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, пікірлестім. Кездесуде еліміздің әдеби-мәдени, руханият саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, елімізде орын алған соңғы оқиғаларға, мемлекет дамуына, ұрпақ тәрбиесіне, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге қатысты ой алмастық.
Жалпы, мемлекеттің қуатты болуының бір тірегі – руханият. Сондықтан елімізде әлеуметтік, экономикалық, саяси реформалар жүргізуден бөлек рухани жаңғыруы да өзекті мәселе. Бұл ретте шығармашылық қауымға артылар жауапкершілік те зор болмақ.
Кездесуде белгілі жазушылар Дулат Исабеков, Кәдірбек Сегізбай, Смағұл Елубай секілді ағаларымыз келелі ой, керек кеңестерін айтты. Жалпы, еркін форматта, емен-жарқын әңгіме айтылған жақсы кездесу болды.