Мен сол кезде Назарбаевты ашық сынағаным үшін өкінбеймін

0

Алмазбек Атамбаев: Мен сол кезде Назарбаевты ашық сынағаным үшін өкінбеймін

Қырғызстанның бұрынғы президенті  Алмазбек Атамбаев Kaktus.media ақпарат агенттігіне берген сұхбатында кезінде Қазақстанға қарата жағымсыз пікір айтқанын мойындады және  сол көзқарасынан әлі де қайтпайтынын мәлім етті.

–Мен бір тырнағын ішіне бүккен адам емеспін. Аллатағала мені солай етіп жаратты. Ақты -ақ, қараны – қара деп айтатын адаммын. Сондықтан ешқашан үнсіз жүре алмаймын.

Ал Қазақстан туралы айтар болсақ, ол кезде Қырғызстанда президенттік сайлауға дайындық жүріп жатты. Дәл сол тұста елде саяси жағдай шиеленісіп тұрған сәт еді. Назарбаев президенттік сайлауға түсіп жатқан біздің бір үміткерді өзінің Ақордасына шақырып сөйлесті. Оны ашық түрде қолдайтынын білдірді.

Ал әлемдегі жағдайға назар аударар болсақ, АҚШ пен Еуропада «өз кандидатын»  сырттан қолдау  ашық байқалып отыр. Тіпті кейбіреулерін ресейлік азаматтар қолдағаны үшін ұстап, қамап жатыр.

Ал өткен сайлауда қазақ президенті Назарбаев қырғыз халқының алдында өзі қабылдаған кандидатты ашық қолдайтынын мәлім етті. Мұндай жағдайда неге үнсіз қалуымыз керек?!  Қырғызстан – тәуелсіз ел.  Біз Қазақстан сияқты ірі, бай мемлекет емеспіз. Егер  дәл қазір пікірімізді ашық айтып, өзімізді құрмет тұтпасақ, бізді кім құрметтейді? Сол кезде бұл пікір Назарбаевпен қарым-қатынасымызды бұзатынын білдім. Бірақ халықтың мүддесі үшін, Қырғызстанның болашағы үшін осындай әрекетке бардым. Енді президенттік немесе парламенттік сайлау болсын, біздің ішкі ісімізге ешкім сырттан араласа алмайды.

Мен сол кезде Назарбаевты ашық сынағаным үшін өкінбеймін.

Сөзімді қайтып алмаймын. Адам өзінің абырой биігінде қалуы керек…

«Қамшы» сілтейді