Назарбаев «Қазақстан халқына» қорына 500 миллион теңге бөлуді тапсырды
Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Назарбаев қоры «Қазақстан халқына» қорына 500 млн теңге бөледі. Бұл туралы қордың ресми парақшаларында жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz сайты
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры – еліміздегі қызметі кәсіби басқару және жобалардың жүйелілігі қағидаларын ұстанатын ірі коммерциялық емес қор.
Қор 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылды.
Бүгінде Қор адам капиталының бәсекелесу қабілетін арттыруға және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуына бағытталған Елбасы идеяларын жүзеге асыруда.
Оралбай МЕРГЕНБАЙҰЛЫ