Үкімет халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республика үкіметін «жеке топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге» шақырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Тиімді мемлекеттік басқару тұрақты әрі шынайы болуы керек», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында.