Жазықсыз жанға араша сұраймыз!
Еліміздегі қайғылы жағдай жазықсыз талай жанның обалына қалды. Соның бірі — ҚазҰУ-дың филология факультетін былтыр ғана бітірген Ерзат Өркен. Магистратурада оқып жүргенімде практикалық сабақта Өркеннің тобына сабақ бердім. Топтың ішіндегі білімді, өз ісіне жауапты студенттің бірі, әдебиеттегі қаншама құнды еңбектерді оқып, талдап отыратын. Ал осындай жасты айыпты деп атауға бола ма?!
Туған әпкесінің айтуынша, 5-қаңтар күні бейбіт шеру маңынан өтіп бара жатқан ол аяғына тиген белгісіз заттан (мүмкін оқ) жараланады. Содан кейін 13 күні полициялар келіп сұрақ-жауап аламыз деп алып кеткен. Түсінікті болуы үшін әпкесінің жазғанын салып отырмын:
13.01.2022ж 12:40та алып кеткесін интернет арқылы құзырлы органдарға қабарласып Өркеннің Рихарда Зорге 14 те екенін білдім, інімді алып кетерде ауырып тұрған еді, үй киімімен алып кетті жұқа еді.
1-2сағаттық сұрақ жауап тергеуге ұласып кетіпті. Тергеу аяқталмасада дәрі, жылы киім тамақ апарсам болама деп сұрадым.
Сағат ол кезде 19:00лер шамасы кезекші жауап беруші иа деп жауап берді. Барсақ Масанчи 57А ға алып кетіпті.
22:00лер шамасында Бір минут қана сөйлесіп үлгердім: «Масанчидамын, митингке шықтың деп айыптап жатр, телефонымды алады «- деді. Мен адвокат деп қана айтып үлгердім. Ары қарай үзіліп кетті содан бері інімнің қандай күй кешіп жатқанын білмеймін.
14.01.2022ж таңмен таласып Масанчи57А жақта болдық, ішке кіргізбейді, еш ақпарат берілмейді. 12:00ден асқанша сол жерде бір қабары болар деп үмітпен айналсоқтап бір жағынан адвокат іздеп жүрдім, адвокаттарға түсіндіріп айта бастағаннан саясатқа байланысты деп қашты.
Тек Ғабит Өмірбек заңгерлік тегін кеңес бере отырып адвокат тауып берді.
Сағ. 16:32де мен Өркеннің кезекші адвокатымын деп сіздің номеріңізді Өркен берді, өзі жайлы ақпарат беруімді айтты деп қабарласты.
15.01.2022ж түнде аяқ асты санкция болды. Шешім бойынша 272баптың 2-тармағымен күдікті ретінде ИВС-18 ге екі ай тергеуде болатыны белгілі болды.
17.01.2022ж таңғы сағат 6:00ден кезекте тұрып ким-кешек, дәрі-дәрмек, тамақ апарып бермекші болып түске дейін інімді базадан таппай сандалдым. Ақыры Өркеннің 15күні түнде осында түскенін, бірақ базада әлі тіркелмегенін анықтадым. Қашан базаға енетінін, қашан жолыға алатынымызды ешкім айта алмайды…
Жасқа толмаған балам бар, жас анамын. Бауырымды әкеткелі ұйқыда, тамқта, күлкіде қашты менен 😭😭😭…
Бауырым Өркеннің Алматыдағы жалғыз жанашыры менмін. Сондықтан берілмей күндіз түні інімді ақтауға болатын барлық мүмкіндікті пайдаланып қалғым келеді.
Ата-анамыз алыста сет ұстамайды. Тек өздері қабарласқанда ғана сөйлесе аламыз.
Адвокат бүгін ғана ордер алды, мен қоғамдық қорғаушы болуға арыз жазамын, бірақ қазіргі таңда тергеушісі кім, айыптаушысы кім белгісіз бағытталған арызда жаза алмай отырмын.
Жазықсыздар тезірек ақталса екен
@Ardak_Yerzatkyzy
****
Осылай небәрі 22 жастағы жігіт жазықсыз айыпталып отыр. Бірнеше күннен бері жағдайынан бейхабар. Жалғыз жанашыры — әпкесі.
Болашағынан үлкен үміт күтер бұл жігіттің өміріне төнген қауіпке араша болыңыздаршы. Нақты айналысатын адам болса, әпкесінің нөмірін беремін. Еліміздің үміті жастардың сағын бұлай сындырмаңыздаршы 😰.
Жансая Сман парақшасынан