Елшілік мәлімдеме жасады: «Назарбаев БАӘ-де емес»
Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі Қазақстанның тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елде болуы туралы ақпаратты растамады. Назарбаев Қазақстанда, деп хабарлайды kznews.kz сайты РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Баспасөз хатшысының хабарламасына сәйкес Назарбаев Қазақстанда», — деді елшілік өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ Қырғызстандағы «Манас» халықаралық әуежайына Назарбаевтар отбасына тиесілі деген екі жеке ұшақтың қонғаны туралы хабарлаған болатын. Олардың бірі Македониядан, екіншісі Біріккен Араб Әмірліктерінен келген.