Марғұлан Сейсембай: «Дәл Мәсімовтің өзі менің банкімді тартып алды» (ВИДЕО)
Отандық белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсамбай «Вечер трудного дня» бағдарламасына сұхбат беру кезінде ҰҚК-нің бұрыңғы басшысы, жақында ғана тұтқындалған Кәрім Мәсімов туралы «Дәл Мәсімовтің өзі менің банкімді тартып алды» деген мәлімдеме жасады. Ол бұған дейін кімдердің бизнес пен банкті тартып алғанын айтпаған.
Сонымен қатар, ол «мені мемлекет басшылығы әрқашан жек көрген және кімдердің қалай тартып алғандығы туралы толығырақ жазба ретінде жариялаймын» деп айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов «билікті басып алу» бабы бойынша күдікке ілініп, екі айға бас бостандығынан айырылды.