Қуат Хамитов: Қарапайым, бейбіт халықты неге ұрып-соғасыңдар? (ВИДЕО)
Әлеуметтік желідегі екіұдай мәндегі жазбаларымен танымал қазақстандық ММА спортшысы Қуат Хамитов Алматыдағы бүлік кезінде қалай ұсталғанын айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты sputniк.kz порталына сілтеме жасап.
Митингілер басталған кезде 33 жастағы ММА спортшысы, үш дүркін әлем чемпионы Қуат Хамитов наразылық білдірушілерге қолдау білдірген болатын
Ол «батыстық бауырларын қолдау үшін» бейбіт митингіге шыққанын жеткізді.
«Біз балалармен бірге жанармай бекетіне жиналдық. Ешкім ештеңені бұзған жоқ, ештеңеге тиіскен жоқ. Халық жинала бастаған кезде полицейлер, полиция бөлімдерінің, қала әкімінің орынбасары, прокуратура өкілдері келді. Олардың барлығы митингтің бейбіт түрде өткенін көрді, ешкім ешкімді соққыға жыққан жоқ. Біз ол жерде шамамен 5-6 сағат болдық. Мемлекетке қандай талап қоятынымызды айтып, бейнеүндеу жаздық. Бұл негізінен азық-түлік, бензин, газ бағасы көтерілмесін деген талап болды. Мемлекет жағдайды бақылауға алып, бағаны көтергендер өз орнын босатуын сұрадық», — деді ол.
Әрине, дау-дамайсыз болмады. Шамам келгенше қорғадым. Полиция, прокуратура, мемлекеттік орган қызметкеріне бірде-бір наразылық білдіруші саусағының ұшын да тигізген жоқ. Біз бәрін өте бейбіт өткіздік. Соңында ақсақал шығып, бата беріп, біз тарай бастадық.
Мен ол жерден шығып кеткенде әкімнің орынбасары маған қоңырау шалып, халықты тыныштандыруға көмектесуімді өтінді. Өйткені оның айтуынша, адамдар мені тыңдайды, құрметтейді. Мен «Халық аренаға» барып, жиылғандармен сөйлесуді жөн көрдім.
Халық мені құрметпен қарсы алып, сөз берді. Біз өз-өзімізге жау емеспіз, елімізді жағып, қиратып, өртеудің керегі жоқ. Біз батыс өңірді қолдау үшін және мемлекет бізді естуі үшін жиналып жатырмыз дедім. Қазір жолды жаппайық, жедел жәрдем бар, жұмыстан келе жатқан халық бар, жұртты шошытпай, мына жолдан кетейік. Басқа бір жерге барып айтатымызды айтайық деп халықты сол жақтан алып кеткен болатынмын.
Мұның бәрі аяқтала салысымен, мен үйге қайттым. Осы күндері үйде, қала сыртында болдым. Бұл күндері интернет пен байланыс болмады.
Спортшы бір-екі күннен кейін ҰҚК қызметкерлері досы арқылы өзімен байланысқа шыққанын айтты.
«Олар «неге қашып кеттің?» деп сұрады. Мен ешқайда қашпағанымды түсіндірдім. Байланыс болмағандықтан, телефоным сөніп тұрғанын айттым», — деді Хамитов.
Әңгімелесу үшін ҰҚК ғимаратында кездесеміз деп келіскен.
Алайда, ол ҰҚК-ге барғысы келгенде, оған арнайы қызмет өкілдері кіріп, жағдайды түсіндірмей ұстап алып кеткенін айтты. Сондай-ақ, ол қызметкерлер әкесін автоматпен бір ұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, Қуат Хамитов полицияда соққыға жығылғанын алға тартты. Оның кесірінен полиция қызметкерлері қаза тапқанын және зардап шеккенін айтты деді. Бірақ дегенмен спортшы босатылды. Ол жанармай бекетіндегі митинг кезінде билік өкілдерін көпшіліктен қорғағанын атап өтті.
«Мен тағы бес жыл спорттағы карьерамды жалғастыруды, елдің намысын қорғауды жоспарлаған едім. Бірақ бұл жағдайдан кейін, әрине, құқық қорғау органдарының қатысуынсыз болмады. Мен карьерамды аяқтауды шештім. Менің өмірімде жаңа тарау, жаңа карьера басталады», — деді Қуат Хамитов.
Митингілер басталған кезде 33 жастағы ММА спортшысы, үш дүркін әлем чемпионы Қуат Хамитов наразылық білдірушілерге қолдау білдірді. Бұған дейін ол республикада болып жатқан жағдайға өзінің наразылығын бірнеше рет білдірген, атап айтқанда, бірқатар антиковидтік шараға қарсы болған. Ол «дезинфекциялаушыларды ұруға» шақырғаны үшін алты айға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылды. Бір жыл бұрын Қуат Хамитов «Біртұтас Қазақстан» партиясын құрды.
https://youtu.be/qNph4DgwxhQ