Байырбекованың әжесі 9 қаңтар күні қайтыс болған. Қарт ана биыл 100 жасқа толар еді. Ол 1922 жылдың қарашасында дүниеге келген.
Байырбекова әжесінің үш жыл бұрынғы видеосын жариялады. Онда қарияның жас кезінде көп қиындық көргенін, соған қарамастан 17 жыл оқығанын айтады.
«Халқым аман болсын. Қазір рахат өмір ғой. Осы күнге жеткеніме төбем көкке екі елі жетпейді ғой. Өмір бақи мұндай өмірді көргенім жоқ», – деген еді марқұм.