Елбасының Нұр-Сұлтан қаласында екені мәлім болды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада, деп хабарлайды kznews.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды.
«Елбасы Қазақстан астанасында, Нұр-Сұлтан қаласында. Қасақана жалған және екіұшты ақпарат таратпауды сұраймыз. Елбасы бірнеше консультативті кездесулер өткізіп жатыр және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста», — деп жазды Айдос Үкібай Твиттер парақшасында. Сонымен бірге Н. Назарбаев Қазақстанмен дос мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен. «Елбасы қазіргі сын-қатерлерді еңсеріп, еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлығын Қазақстан Президенті маңында жұмылуға шақырады», — дейді А. Үкібай.