Қуат Хамитов: Атыраулықтар наймандар болсын, қазақтар болсын сендермен біргеміз
Қуат Найман Хамитов те шеруге шыққан халықты қолдайтынын жеткізді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Атыраулықтар, ақтаулықтар, маңғыстаулықтар, ел үшін, жер үшін көшеге шығып, ел қамын ойлап жүрген жігіттерге айтарым – біз сіздермен біргеміз! Наймандар болсын, қазақтар болсын, үйде отырып алып, телефонда отырып қана емес, үйде отыратын жер таппай, қастарыңда болмасақ та, біз сіздермен біргеміз! Алматыда жиналып жатқан жігіттер болса, маған жазыңдар! Міндетті түрде қазақ халқын қолдауға дайынбыз! Алға, Қазақстан!» — деп айтты видеода.