Полиция төбелеспеуі керек – журналист
Әр өңірдегі қарапайым халық Жаңаөзендегі наразылық білдірушілерді қолдап, шеруге шығып жатқаны белгілі. Нақтырақ айтатын болсақ, Жаңаөзен, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал, Алматы, Астана, Шымкент, Тараз, Қостанайда халық көшеге шығуда. Бұл видео Атырауда түсірілген. Видеоға байланысты журналист Нұрлыбек Рахманов Facebook желісіндегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Полиция төбелеспеуі керек, тек бейбіт жиындағы қоғамдық тәртіпті сырттай бақылаушы болуы тиіс. Бірақ кінәлі қай жақ болып шығатынын сезіп отырған шығарсыздар…» — деп жазды журналист.