Премьер-министр отставкаға кетті
Судан премьер-министрі Абдулла Хамдок 2 қаңтар күні отставкаға кетті. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, премьер-министр Судан қауіпсіздік күштері Хартумдағы екі шерушіні өлтіргеннен кейін отставкаға кеткен, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Айта кетейік, Суданда қазан айынан бері шерулерде 50-ден астам адам қаза тапқан.
«Мен жауапкершілікті өз мойныма алып, премьер-министр қызметінен кететінімді жариялаймын», — деді Хамдок теледидардан сөйлеген сөзінде.
Судан әскерилері 25 қазанға қараған түні уақытша үкіметтің бірқатар министрлерін, соның ішінде Хамдокты ұстады. Содан кейін Судан армиясының генералы Абдель Фаттах әл-Бурхан ел халқына арнаған үндеуінде елде төтенше жағдай енгізілгенін, министрлер кабинеті мен егемендік кеңесті таратқанын хабарлады.
Бір айдан кейін Хамдокты билікке қайтару туралы келісім жасалды.