Қазақстан ба, Сартстан ба?

0
Ердоған ерді Түркияның XII президенті қылған домбыраның аруағы еді. Домбыраның аруағы алқаған ол қазір күллі түркі дүниесін түгендеуде. Ал біз не істедік?! Қырық рудан құралған (43 тайпа) қазақты екі ішек, тоғыз пернесімен ұйытқан, сөйтіп бір тілде сөйлейтін, бір көңіл кеңістігінде тербелетін, бір енеден туғандай біртұтас ел қылған қасиетті домбыраны отыз жылдан бері аяусыз қорлап келеміз. Мысал керек пе, алысқа бармай-ақ, кешелі-бері қазақстандық телеарналар күні-түні беріп жатқан жаңа жылдық шоусымақтардың домбыраны қорлаудың ең «жарқын» үлгісін көрсетіп жатқанын айтсақ та жеткілікті. Көріп отырған боларсыздар, кешеден бері телеэфирлерден қолына домбыра ұстаған қазақтың бір әншісі көрінген жоқ. Ылғи ырбаңдаған ырбақай қыз, жырбыңдаған жырбақай жігітсымақ ‐ Оспан (түрік) сұлтандарының гареміндегі әтек патшағарлардай бұраң-бұраң еткен. Айтқан әндері өңшең сарт-сауанның әуендері. Қазақтықтың исі шыққан бір ән жоқ, Өңшең өзбектен һәм басқа жұрттардан ұрланған – плагиат!
Ағайын-ау, мынау Қазақстан емес, Сартстан ғой! Тілімізге дейін «әкә-шүкә», әнімізге дейін «өлә-білә» болып отыз жылда Өзбекстанның үлкен бір уәлаятына (провинциясына) айналыппыз. Ұят қайда, намыс қайда биліктегі ел ағалары, телеарна басшылары?! Әлде сіздердің де түптеріңіз сарт па еді? Сарт болмасаңыздар, мыналарыңыз не? Қазақтықтың қадір-қасиеті – домбыраға неге мұнша өшігіп, неге сонша шүйліктіңіздер, егер, сарт болмасаңыздар?! Сартсыздар-ау, сірә?! Онда не тұрыс, мынау қара бақайына дейін сарттанған елдің атын «Сартстан» қояйық! Жасасын, сарт-сұрт Сартстан!
Авторы Ерлан Төлеутай
Видеоны осы сілтеме бойынша көре аласыздар