ШҚО-да қарулы адамдар тойға баса-көктеп кіріп, оқ жаудырды (видео)
1 қаңтар күні ШҚО Үржар ауылында қаруланған екі азамат жергілікті тойханалардың біріне кіріп, той үстінде оқ жаудырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
ШҚО ПД ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап. Полиция оқиғаның шамамен таңғы 4-те болғанын мәлімдеді. Олардың дерегінше, қос күдікті де — жергілікті тұрғын. Алдын ала болжам бойынша, олар бұл әрекетке араздық салдарынан барған. Тәртіп сақшылары қос азаматтың залға жүгіріп кіріп, қарудан оқ ата бастағанын хабарлады. Абырой болғанда, салтанатты кешке қатысушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Күдіктілер анықталып, біреуі ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полицейлер Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғады. Күдіктілер өз кінәсін мойындаған жағдайда жеті жылға бас бостандығынан айырылады. Полиция ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты жариялаған жоқ. Ескерту! Видеоны кәмелет жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдерге және психикасы әлсіз адамдарға көруге кеңес берілмейді!
Видеоны сілтеме арқылы көре аласыздар.