Танымал әнші Нұрболат Абдуллин Төреғалиді басып озды

0

Үстіміздегі жылы тойда сұранысқа ие әншілердің қатары Нұрболат Абдуллинмен толықты. Тапсырыстар бойынша ол Төреғали Төреәліден де жиі шақырылады екен. Бұл туралы танымал асаба Бағдат Жақып хабарлады, деп жазды kznews.kz сайты turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Той жүргізушінің айтуынша, Нұрболат Абдуллин 4 ән орындағаны үшін той иесінен 7 мың АҚШ долларын сұрайды. Егер бұл гонорар төленбейтін болса, әнші тойға аттап баспайды.

«Биыл Нұрболат Абдуллиннің қаламақысы өсті. Оның бір тойға барып, ән салуы 6-7 мың доллар тұрады. Мен аптасына үш той жүргіземін. Соның екеуінде той иелері Нұрболатты шақыруымды өтінеді», – дейді Бағдат Жақып.

Асабаның айтуынша, Нұрболаттан өзге тойға жиі шақырылатын жас әншілердің қатарында Дана Кентай мен Нұрсұлтан Нұрбердиев бар. Олардың алатын ақысы әзірге Нұрболатқа жете қоймады. Дегенмен, жас әншілерді думанды кеште көргіңіз келсе, 500 мың теңгеңізді дайындап қойыңыз.