Горбачев КСРО ыдырағаннан кейінгі АҚШ әрекетін сынға алды

0

КСРО-ның экс-президенті Михаил Горбачев Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі АҚШ әрекетін сынға алды. Ол РИА Новостиге Ресей-Америка саммитінен кейін басталған процесті қолдайтынын және нәтиже болады деп үміттенетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистердің КСРО ыдырағаннан кейін Ресейдің егемендігіне нұқсан келтірмей, АҚШ-пен қарым-қатынасты басқа жолмен жалғастыру мүмкін болды ма деген сұраққа жауап берген Горбачев Кеңес Одағының ыдырауы Ресейді әлсіретіп жібергенін, экономика құлдырағанын еске салды.

«Осындай позицияда АҚШ пен Батыспен тең қарым-қатынасқа қалай сенуге болады? Бұл — біріншісі. Екіншіден, Батыстағы, әсіресе АҚШ-тағы салтанатты көңіл күй. Менмендік пен өзін ұстау. Сұрапыл соғыс жүріп жатқанда жеңіске жеткенін жариялады. Сонымен қатар, біз әлемді текетірестен, ядролық жарыстан құтқардық. Ал «жеңімпаздар» жаңа империя құруды шешкен екен. Осыдан НАТО-ны кеңейту идеясы туды», — деді ол.

КСРО-ның экс-президенті Ресей басшылығының бұған әуелі өте баяу әрекет еткенін, кейін «Горбачевті кінәлауды» шешкенін еске алды.

«Ақылға қонымды ештеңе ойлап тапқан жоқ. Ал 1991 жылы қызу талқыланған Париж хартиясы, ұжымдық қауіпсіздік, Еуропаның Қауіпсіздік кеңесін құру идеялары ұмыт қалды. Әйтсе де, бұл идеяларға қайтып оралу әлі де кеш емес деп ойлаймын. Ресей мен АҚШ президенттері келіссөзінен кейін не болып жатқанын білмеймін, бірақ процесс басталды. Мен мұны қолдаймын, нәтиже болады деп үміттенемін», — деді Горбачев.


Тегтер:Горбачев