Ақтауда өртеніп жатқан тұрғын үй кешенінен 50 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)
Ақтау қаласында «Florence» тұрғын үй кешенінің төбесі өртеніп, отқа оранған тұрғын үй кешенінен 50 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі болған өртке қатысты түсініктеме берді.
«Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жасауда. Толық мәліметтер кейінірек беріледі», — деді ведомство.
Облыстық полиция департаменті өрт сөндірушілерге 50 полиция қызметкері, Ұлттық ұланның 50 жауынгері, 10 автопатруль, төрт эвакуатор және бір манипулятор жұмылдырылғанын айтты.