Солтүстік Кореяда халыққа күлуге, қуануға тыйым салынды

0

Солтүстік Корея үкіметі 11 күн бойы азаматтарға күлуге және ішімдік ішуге тыйым салды, деп хабарлайды Daily Mail. Шектеулер Ким Чен Ирді еске алумен байланысты.

Сонымен қатар, солтүстік кореялықтарға адам көп жиналатын жерлерде әзіл-қалжың белгілерін көрсетуге тыйым салынады. Тыйым Ким Чен Ирдің қайтыс болғанын еске алу шаралары кезінде де жалғасады.

«Жоқтау кезінде ішімдік ішуге, күлуге, уақытты бос өткізуге болмайды», — дейді хабарламада.

Сондай-ақ, жергілікті ақпарат көздері 17 желтоқсан – КХДР бұрынғы көшбасшысы қайтыс болған күні азаматтарға дүкендерге баруға тыйым салынғанын хабарлады. Бірақ бұл барлық шектеулер емес. «Тіпті, аза тұту кезінде сіздің отбасыңыздың мүшесі қайтыс болса, қатты жылауға болмайды, жерлеуді барлық шаралар аяқталғаннан кейін ғана өткізуге болады», — деді анонимді дереккөз. Тағы бір солтүстік кореялық елде тіпті адамдардың қайғылы көрінетініне көз жеткізетін полиция қызметкерлерінің арнайы отряды құрылғанын айтты.

Бұған дейін Солтүстік Кореяда K-pop мәдениетіне құмар болғаны үшін жеті адам ел алдында өлім жазасына кесілгені белгілі болған.