«Жігітің бар ма?»: Сәбина Алтынбекова күйеуімен қалай танысқанын айтып берді
Қазақстандық волейболшы және волейболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Сәбина Алтынбекова күйеуі Саят Салманмен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты sputnik.kz порталына сілтеме жасап.
Айтуынша, бір күні бейтаныс адамнан Instagram парақшасына «жігітің бар ма?» деген сұрақ келген.
«2020 жылдың 26 сәуірі, шуақты Дубай, керемет көңіл күй, біз маусымды сәтті аяқтаған кез. Қыздармен бірге «Дубай молда» дүкен аралайтын болдық, содан болар көңіл күйім көтеріле түсті. Атақты бренд дүкендерге кірген кезде Instagram-дағы хаттарды ақтарумен болдым. Әдетте мен келген жеке хаттарды оқымаймын, бірақ бұл жолы бәрі басқаша болды. Көңіл күйім жақсы болғаннан ба, әлде жүрегім мені сол адамға жетеледі ме, білмеймін. Мен көрген бірінші хабарлама Саяттан келген екен. Ол төтесінен қойған сұрақ болмаса, менің оның парақшасына назар аудармас та едім. Алайда оның парақшасына біршама адам жазылған, мен оған мән бермейтін адаммын. Сәлемдеспей, ешқандай әрекетсіз бір ер адам «жігітің бар ма?» деп жазыпты», — дейді Алтынбекова.
Мұндай сұраққа қыз жауап бермей, өзі де сұрақ қойған.
«Мені сыншыл немесе ерке деп ойлауыңыз мүмкін, алайда мен әрқашан өзіме басқа адамдардан дұрыс қарым-қатынасты талап етемін. Тіпті ол адамды танымасам да. Ұзақ ойланбастан, «сіз үйленгенсіз бе?» деп сұрадым. Оның парақшасы жабық болатын, маған тіпті оның түрі қандай екені де қызық болмады. Үйленбегенін айтқан соң, әрі қарай «Ажырасқансыз ба? Сотталғансыз ба?» деп сұрадым. Сотталғаны туралы не үшін сұрады деп ойлайтын боларсыздар, бұл жай ғана менің әзілім болатын», — дейді спортшы.
Жігіт содан кейін күн сайын жаза бастаған, алайда қыз қасиетті Рамазан айы аяқталғанша мазаламауын өтінген.
«20 мамыр. Содан кейін Саят жазып, түскі асқа шақырды, мен жай ғана қашып жүрдім. Расымен де, жаттығып, ағылшын, араб тілін үйреніп жүрдім және отбасыммен бірге болдым. Саят жазуды тоқтатпады, бірақ шектен тыс көп мазаламады. Барлық хабарлама «Сәлеметсіз бе, қалың қалай? Не істеп жатырсың?» деген сарында болды», — дейді ол.
Осылайша екеуі жарты жылдан кейін кездесуге келіскен.
«18 қазанда Саят түскі асқа шақырғаннан кейін мен бас тарттым. Бірнеше күн өткен соң Саят күнімнің жақсы өтуін тілеп, өзі туралы еске салды. Ертеңі таңертең ішім пысты деген оймен ояндым. Көп ойланбай, оған жаздым», — дейді Алтынбекова.
Алайда кездесу күні жақындаған сайын ол бару-бармау туралы екі ойда болған.
«25 қазан. Жақсы көңіл күй, мен кездесуге бармау туралы ойлап отырдым. Саят қайырлы таң тілеп, кездесуді еске салды. Мен кездесу уақытын екі сағатқа шегердім, соңында барамын деп шештім», — деді Сәбина Алтынбекова.
Ол болашақ күйеуі үш кездесуден кейін отбасы құруға ұсыныс жасағанын айтты. Сондай-ақ сол үш кездесудің қалай өткенін жазатынын жеткізді.
Айта кетері, Сәбина Алтынбекова 2020 жылдың 25 желтоқсанында тұрмысқа шықты. Ол 2021 жылдың 5 қазанында ұл дүниеге әкелді.