Алматы облысында дүниеге келген үшемге кәсіпкер бес бөлмелі үй сыйлады

0

Алматы облысында дүниеге келген үшемге кәсіпкер бес бөлмелі үй сыйлады, — деп хабарлайды kznews.kz сайты.

ҚР Тұңғыш Президенті күні мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Іле ауданның Ақши ауылында 7 балалы отбасы баспаналы болды.

«Ақши ауылының ортасынан «Дәулет — Бекет» ЖШС басшысы Сыдық Әбуәлі жақында дүниеге келген үшемге 120 шаршы метрді құрайтын 5 бөлмелі үй салып берді. Бүгінде Маймиевтер әулеті 7 баланы тәрбиелеп отыр. Ақмарал Жалғасқызы болса ҚР Президентінің жарлығына сәйкес мемлекеттік «Алтын алқа» алқасымен наградталған», — делінген Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Үшемнің есімін Мәлика, Мәдина, Мүслима деп қойған ата-анасы ендігі балаларым жып-жылы үйде емін-еркін өседі деп ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, жанұядағы тағы 4 бала Ақши ауылының №8 мектебінде білім алады. Айтулы шараға аудан әкімі Бағдат Қарасаев қатысып, Мәймиевтердің қуанышымен бөлісті.