Ресейдің бірқатар қалаларында QR-кодтарды енгізуге қарсы акциялар өтті
Воронеждегі белсенділер елде QR кодтарын енгізуге қарсы митингке шықты, деп хабарлайды kznews.kz сайты vot-tak.tv порталына сілтеме жасап.
Readovka телеграм-арнасы жариялаған бейнежазбаға қарағанда, белсенділер ереуілді тоқтатуға тырысқан екі полиция қызметкеріне «ҰЯТ!» деп айқайлап, акцияны әрі қарай жалғастырған.
«Орыстар болмайды, ештеңе болмайды, планета болмайды. Тозақ болады», — деді жиналғандар.
Видеода Воронеж және Нижний Тагил, фотосуретте Новосибирск.
Аударған, Оралбай МЕРГЕНБАЙҰЛЫ