Макрон 40 жыл бұрынғы биліктің қателескендігін мәлімдеді
Франция президенті Эммануэль Макрон экономикалық және әлеуметтік төтенше жағдай туралы телекөпір арқылы мәлімдеді.
Сонымен бірге «сары жилет» шерушілері зорлық әрекет жасағандығы да талқылануда.
Бұдан кейін Франция басшысы мамыр айынан бастап барлық еңбек жалақысына кем дегенде 100 еуро қосылатындығына уәде берді. Сондай-ақ, дағдарыс кезінде оны еркін басып өту үшін әрбір компания өздерінің қызметкерлеріне жылдық бонус төлеуі тиіс деп отыр. Сонымен бірге әлеуметтік сақтандыруы бар зейнеткерлер айына кем дегенде екі мың еуро алатыны да телекөпір барысында айтылды.
Франция президентінің ойынша, қазіргі қиындықтың негізгі басы осыдан 40 жыл бұрынғы биліктің қате шешімдерінен кейін басталған. Сол секілді қазіргі жанармай салығының тым қымбаттауының тарихы да тым тереңде жатқандығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қарашадан бері Францияда «сары жилет» наразылық шеруі басталған. Жанармай салығының артуына наразы болған тұрғындар францияның бірнеше қаласында көтерілді. Мұның салдарынан 1043 адам түрлі дене жарақатын алып, үш азамат шеру барысында қаза тапты. Сонымен бірге қауіпсіздік күштерінің 222 қызметкері де аталған шеру барысында жарақаттанған.