Елімізде 3 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Елімізде 3 облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
30 қарашада күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақтау қаласында ертең күндіз шаңды дауыл соғалы. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.
30 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Орал қаласында ертең күндіз көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.
30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.