Ас содасының денсаулыққа пайдасы

0

1. Сүтке араластырылған соданың дәмі бала кезініңізден бері бәріңізге таныс шығар. Бұл қоспа әлі күнге дейін жөтел кезінде сізге ерекше әсер етеді. Дәрігер мамандар бір шай қасық соданы қайнаған сүтке қосып, ұйықтар алдында ішуге кеңес береді. 

 2. Ал сүтті ұнатпайтын адамдар болса, оларға жөтел кезінде сода ерітіндісінен жасалған ингаляция (тамақ булау) көмектеседі. 1 литр қайнаған суға 1 ас қасық сода жеткілікті. 

 3. Тамағыңыздың ауруына сода ерітіндісі ерекше көмектеседі. Оның екі шай қасығын алып, бір стақан жылы сумен араластырыңыз. Күніне 5-6 рет шайып тұруыңыз керек. Сода тамағыңыздың шырышты қабығын суландырып, тамақ қышуын тоқтатады. 

 4. Конъюктивит кезінде көзіңізді жиі сода ерітіндісімен жуғаныңыз дұрыс. Алайда бір ескере кететін жайт, бір мақтаны тек бір-ақ рет қолданыңыз. 

5. Сода медицинада баяғыдан бері аритмияға қарсы дәрі ретінде қолданылып келеді. Кенеттен жүрегіңіз қатты соғып, ауырса, соданың жарты шай қасығын тұтынып, тоқтатуға болады. 

6. Гипертония кезінде де өте пайдалы. Ағзадағы сұйықтық пен тұзды шығарып, артериялық қысымды төмендетеді. Соданы шай қасықтың жартысына салып, дәріңізбен бірге тұтыныңыз. 

7. Қоғамдық көліктерде басыңыз айналып, құсқыңыз келсе, өзіңізбен бірге ас содасын алып жүруді ұмытпаңыз. 

8. Егер біреу қышқылға күйіп қалса, оған тез арада сода ерітіндісін жағып, байлап тастаңыз. 

9. Соданы ауыр жарақат алып, көп қаныңызды жоғалтқанда немесе бір нәрседен уланғанда алғашқы көмек ретінде қолдану қажет. Ол үшін сода мен тұз ерітіндісін дайындағаныңыз дұрыс. Дайындау жолы өте қарапайым: бір шай қасық сода мен бір шай қасық тұзды алып, бір литр қайнаған суға салып жақсылап араластырыңыз. Дайын болған соң әр 5 минут сайын тұтыныңыз. 

10. Аузыңызды содамен шаю арқылы тіс ауруларынан аман қаласыз. Ыстық сода ерітіндісін дайындап қойып, күніне 5-6 рет аузыңызды шаюды күнделікті әдетке айналдырыңыз. Сонда сізге тіс дәрігеріне қаралудың да қажеті болмайды. 

11. Сонымен қатар сода тамаша косметикалық зат. Оны сабын ұнтағымен араластырып, аптасына екі рет бетіңізді сүртіп тұрыңыз. Ол сіздің бетіңізді безеулерден құтқарады. 

12. Сода тіс пастасының да орнын ауыстыра алады. Оны мақтаға малып алып, тісіңіздегі тат кеткенше ысқылаңыз. Көп ұзамай нәтижесіне көзіңіз жетеді. 

13. Сода ерітіндісі құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей шаққан жерлерді де тез кетіреді. Егер шаққан жеріне күніне бірнеше рет жақсаңыз, орны да қалмайды. Және жараның аузына микроб түсірмейді. 

14. Жұмыстан қатты шаршап келген күні кешке содамен аяғыңызды уқалаңыз. 5 ас қасық соданы 10 литр жылы сумен араластырсаңыз жетеді. Содан кейін 15 минут аяғыңызды суға салып, уқаласаңыз, шаршағаныңыз бірден басылады.

Дереккөз: http://reactor.inform.kz