Әділ Хейнс: «Депутаттар маған бір түн үшін ақша ұсынды»

0

Әйгілі алматылық визажист Әділ Хейнс қалталы ер адамдардан үнемі әдепсіз ұсыныстар түсетінін айтты, деп хабарлайды  Экспресс К ақпараттық сайты.

Соңғы кезде Әділге өзгелер тарапынан “сен жеңіл жүрістісің бе?”  деген сауал көп қойылып жүрген көрінеді.   

— Мүмкін, адамдар бұл ойға менің әлеуметтік желілердегі күрделі имиджім бар болғандықтан келген шығар. Иә, мен боянатын қазақ жігітімін. Бірақ бұл ақшаға интимдік қызмет көрсетеді дегенді білдірмейді. Бақытымызға орай, өзімді асырап, визажист болып жұмыс істеп, жақсы ақша табуға мүмкіндігім бар. Бірақ маған талай рет демеушілік ұсынылды. Тек ер адамдар (бұл таңқаларлық емес, өйткені бізде трансгендерлерге бейімділік бар), бірақ мен қарапайым жігітпін. Түрлі қалталы ер адамдар жазып, нөмірімді, үй мекен-жайымды тауып, кездесуге ұсыныс жасады. Кейінірек, мен Google-дың арқасында маған жазғандар депутаттар екенін білдім және жай таң қалдым, — деді ол Express K-ке берген эксклюзивті сұхбатында.

Оның айтуынша, Эскорт болуы адамның жеке таңдауы.

— Мен бұл жерде ұят нәрсе көрмеймін. Егер адамға ұнаса және оны қалайтын болса, онда неге жоқ, — деп түсіндірді ол.

Әділ өзінің жыныстық бағдары туралы айта отырып, аудиториясына мұндай сұрақтарды қоймауды үнемі айтып жүретінін атап өтті.

— Менде жасыратын нәрсе болғандықтан емес. Мен қазір бұл туралы айтқым келмесе, адамдар менің жеке өміріме араласпауы керек деп ойлаймын. Гетеро, бисексуал немесе гейдің айырмашылығы неде? Менің жыныстық қалауым — бұл интимдік нәрсе, сондықтан мен адамдардың бір бірінің ішкі әлеміне кіргенін қаламаймын, — деді ол.