Белгісіз біреулер барда отырғандарды атып кетті
Мексиканың солтүстік шығысында Нуэво-Леон штатындағы Монтеррея қаласының шет жағында белгісіз біреулер барға келгендерді атып кетті.
Салдарынан үш адам қаза тауып, бесеуі жараланған, деп хабарлайдыTelevisa телеарнасы. Телеарнаның деректерінше, автоматпен қаруланған қылмыскерлер іштегі адамдарға оқ жаудырған да артынша іздерін суытқан.
Оларды ұстаудың сәті түспеді. Айта кетсек, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде елде 21 мыңнан астап адамды өлтіріп кеткен.
Дереккөз:ҚазАқпарат