Сөздерден сөйлем құрау | Скачать Курстық жұмыс

0

Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1. Сауат ашу — жалпы білім негізін құрайтын пән … … … … … … … …
3
2.2. Сауат ашу кезеңдері және оның ерекшеліктері … … … … … .. … … .
6
2.3. Сауат ашу әдісі туралы ұғым, әдіс түрлері … … … … … … … … … …
11
2.4. Жазуға үйренудегі процестер және атқарылатын жұмыстар … …
14
III. Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … …
21
IV. Пайдаланылған әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … …
22

Кіріспе

Сауат ашу пәні жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің біріне жатады.
Сауат ашу пәні — Қазақ тілі, Әдебиеттік оқу пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады. Сауат ашу пәнінің маңыздылығы — оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған жетекші әрекет — оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында. Сонымен қатар сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз болуында.
Сауат ашу пәнінде оқу және жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді: оқу дағдысы жақсы қалыптасқан оқушының сауатты жазу дағдысы да соған сай қалыптасады.
Сауат ашу пәні оқушылардың:
қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы білім негіздерін игеруіне;
оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына;
айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;
жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануына және түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне;
өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан басқа да халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімінің қалыптасуына негіз қалаушы пән болып табылады.
Сауат ашу пәні арқылы оқушылар қазақ тілі мен әдеби мұрасын меңгеріп, ана тілі мен туған халқының мәдениетін құрметтеуге, оқу үдерісінде және күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз пікірін білдіруге дағдыланады.
Сауат ашу кезеңі қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады. Бұл мақсат оқу және жазу сабақтарында ауызша және жазбаша сөйлеудің үйлесімділік ұстанымын ескере отырып оның үш кезеңінің (әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі және әліппеден кейінгі кезең) негізгі міндеттерін шешу арқылы қамтамасыз етіледі.

2.1. Сауат ашу — жалпы білім негізін құрайтын пән.
Білім берудің жаңа бағыты оқыту мен тәрбиелеудегі демократтық және гуманистік бағыттарды ұстана отырып, түрлі мәдениеттердің дамуы мен ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Оқушылар қазақстандық көпұлтты қоғамда өмір сүре отырып, қарым-қатынас барысында өзара төзімділік таныту, басқа ұлт мәдениетіне деген сыйластық пен құрмет сезімін білдіру сияқты маңызды қасиеттерге ие болуы керек. Бұл ретте мәдениетті және түрлі мәдениетке деген сыйластық пен құрмет сезімін қалыптастыру әлеуетіне ие үдеріс — білім беру үдерісі екені белгілі.
Сауат ашу пәнін оқыту үдерісі оқушылардың түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыруды негізгі міндеттердің бірі ретінде алдыңғы орынға қояды. Бұл мәселе жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың түрлі әлеуметтік орталарда, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі сындарлы әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Сауат ашу пәнінің оқу бағдарламасында түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру төмендегідей оқу міндеттерінен көрініс табады:
oo қазақ тілі мен мәдениетіне, қазақ тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу;
oo қазақ тілінің Қазақстан халықтарының ұлтаралық бірлігі мен келісімін сақтау тілі ретіндегі қызметін түсіндіру;
oo ұлттық мәдениетімізді құрметтей білуге және Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарай білуге үйрету;
oo өзгенің пікіріне, көзқарасына, сенімі мен әдет-ғұрпына, сезімі мен идеяларына сыйластық пен төзімділік таныту, өзгелердің пікірлерімен санаса білу қасиетін қалыптастыру;
oo түрлі көзқарастарды, өз көзқарасы мен өзгенің пікірін салыстыра отырып, ойын ашық жеткізуге үйрету;
oo көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезіну, көпұлтты қоғамда өмір сүру қабілетін қалыптастыру.
Жалпы білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) арналған оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі және бірегейі — түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және белсенді тілдік орта құра отырып, қажетті қатысымдық дағдыларды дамыту керек. Мұндай орта оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдерімен және көпшілікпен ауызша, жазбаша қарым-қатынасында тілді сауатты пайдалануына, тілдесімнің түрлі формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік туғызады.
Сауат ашу пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
дыбыстық-буындық талдау жасау;

артикуляциялық жаттығулар;
мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіну, сұрақтар қою және сұрақтарға жауап беру;
тыңдалған мәтін мазмұнының желісін суреттер арқылы беру;
тыңдалған мәтіннің белгілі бір үзіндісін айтып беру;
мәтіннің мазмұнына қарама-қарсы пікір айту;
өздеріне таныс және қызықты тақырыптар бойынша әңгімелесу;
белгілі бір тақырыпта пікірталасқа қатысу;
мәтіннің кейбір оқиғаларын ым-ишарамен көрсету;
жұпта ым-ишара, қимыл-әрекетті пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, Бағытталған оқу және Бағытталған жазу);
таныс ертегі, әңгімені мазмұндау, өлеңдерді жатқа айту;
сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, өтініш жасау, таныс және таныс емес адамдармен, жақындары және достарымен, құрдастары және ересектермен, кіші балалармен қарым-қатынас жасауға байланысты рөлдік ойындар;
нені сұрауға және нені сұрауға болмайтыны туралы пікір таластыру;
суреттер, бейнематериалдар бойынша әңгімелеу, сипаттау;
сахналау;
берілген тақырып (сол сабақта өтілген әңгіме, ертегі немесе мысал) бойынша диалог (қуыршақтардың көмегімен) құрастыру.
Сауат ашу пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
графикалық сызба арқылы оқу;
кеспе әріптерден буын, сөз құрап оқу;
мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;
көзбен оқы ойыны арқылы оқу;
мәтіннен көркем, бейнелі сөздерді тауып оқу;
сөздік жұмысы (сөздің мағынасын түсіну);
мәнерлеп оқу;
рөлге бөліп оқу;
оқылған әңгіменің, ертегінің, т.б. картасын жасау.
Сауат ашу пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
ақпаратты сурет және белгілерпиктограммалар арқылы беру;
сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;
мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру;
мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;
сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;
шағын хат жазу;
есте сақтау арқылы жазу;
байқағаны, сүйікті істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;

сурет бойынша жазу;
өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.

Оқу нәтижелерін бағалау туралы
Бастауыш мектепте оқыту нәтижесін бағалау критериалды бағалау жүйесін енгізу арқылы жүзеге асады.
Критериалды бағалау — оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына (оқушылар, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері, педагогикалық персонал, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер) алдын ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі.
Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген.
Критериалды бағалау нәтижесі оқыту үдерісін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады. Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі формативті (ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды. Ішкі жиынтық бағалау — сынып бойынша оқу материалдарының үлкен тарауын не бөлімін оқығаннан кейін меңгерілген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін айқындайды;
Оқыту тілінде қолданылатынқалыптасатын коммуникативтік дағдылар мен сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде оқылатын басқа пәндерді табысты меңгеруге ықпал ететіні анық. Бастауыш сынып мұғалімдері тіл мен әдебиет пәндерін оқыта отырып, тілдерді оқушылардың күнделікті өмірде, әлеуметтік ортада оқыту мақсаттарына лайықты қолдану мүмкіндіктерін күшейту арқылы үштілді оқыту саясатына үлесін қоса алады. Тіл пәндерінің мұғалімдері оқушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің ұқсастығы мен ерекшеліктеріне назар аудартады. Барлық қалған пәндердің қолданатын негізгі құралы да — тіл екенін түсіндіреді.
Тілдік пәндер мұғалімдері пән мазмұнын пәнаралық байланысты орнатуға мүмкіндік беретін тақырыптармен, мәтіндермен, дағдылармен, оқу әрекеттерінің түрлерімен, оқу міндеттерімен, оқу мақсаттарымен толықтыра алады. Бұл сондай-ақ, оқушылардың жалпы академиялық тілін дамытуға және басқа пәндерді оқып-білуге керекті дағдыларды қалыптастыруға негіз қалайды: тақырыпты түрлі қырынан талдау, оқиғаның себептері мен салдарларын түсіндіру, пікірлер мен деректерді айыра тану, даулы тақырыптарды талдауға қатысу, түрлі ақпарат көздерін бағалау, басқаларға түсінікті ақпарат ұсына алу. Тіл пәндері мұғалімдері басқа пән мұғалімдерімен тығыз бірлікте болып, олардың ой-пікірлеріне, кеңестеріне құлақ салып, тіл сабақтарын сапалы деңгейге көтеруге барлық мүмкіндіктерді қолданады.

2.2. Сауат ашу кезеңдері және оның ерекшеліктері.

Сауат ашу пәні — лексикалық тақырыптар негізінде оқушыларды оқу мен жазуға үйрете отырып, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған пән. Сауат ашу пәні бағдарламасының мазмұны кіріктіріле (интегративті) құрастырылды.
Сауат ашу пәні үш кезеңнен тұрады: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең.
Мұғалім сағат санын үш кезең бойынша сыныптағы оқушылардың оқу мақсаттарын меңгеруіне, әр кезеңнің міндеттерін жүзеге асыруына орай еркін жоспарлай алады.
Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:
— оқу әрекетіне деген қызығушылығын қалыптастыру;
— фонематикалық есту-тыңдауын дамыту;
— дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру;
— сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын қалыптастыру;
— қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу);
— ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту;
— ауызша, жазбаша тілін дамыту.
Әліппе кезеңінің міндеттері:
— оқу әрекетіне деген қызығушылығын дамыту;
— фонематикалық есту-тыңдауын дамыту;
— дыбыстық талдау-жинақтау дағдыларын жетілдіру;
— әліпби әріптерін меңгерту, әріптердің баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті ажыратуға үйрету;
— тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы ұғымдары мен түсініктерін кеңейту;
— біртіндеп сөзді тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру;
— әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру;
— ауызша және жазбаша тілін дамыту арқылы сөйлеу әрекеттерін жетілдіру.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері:
oo мәтіндерді дұрыс, ырғақты оқуға дағдыландыру, іштей оқу, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру;
oo тыңдау-түсіну, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын жетілдіру;
oo байланыстырып сөйлеуін дамыту;
oo каллиграфия нормаларын сақтай және сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру.
Білім мазмұны
Мұғалім мен басқа оқушылардың сөйлеуін тыңдауы, естігенінің мәнісін түсінуі, сұраққа дұрыс және нақты жауап беруі, сөз мағынасын түсінуі, сөзді жұмсалу орнына және мағынасына қарай қолдана білуі, сыныптастарымен тілдесуде сөйлеу мәдениетін сақтай отырып, өзі туралы айта алуы. Тілдік емес амалдарды (интонация, мимика, қол қимылдары, дене қимылдары) ауызша сөйлесуде қолдануы. Сюжетті суреттер бойынша әңгімелер құрастыру, ертегілер айту. Өлеңдер жаттау, санамақтар, мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар жаттау. Жаңылтпаштар айту арқылы артикуляциялық аппараттарын дамыту. Сөздің дыбыстық құрылымы. Дауысты дыбыстар, олардың жуан, жіңіщке болып бөлінуі. Дауыссыз дыбыстар, олардың қатаң, ұяң, үнді болып жіктелуі. Буын — ең кіші айтылым бірлігі ретінде. Сөздердің буындарға бөлінуі. Дауысты дыбыстардың буынқұраушылық рөлі. Сөздің мағынасы. Сөйлем құрау. Сөйлемдерден қысқаша мәтіндер құрастыру. Мәтінді тыңдау барысында түсіну. Мұғалімнің ауызша сұрақтарына жауап беру. Сюжетті сурет бойынша немесе көргені, бастан кешкені, естігені туралы әңгімелесу; қысқаша тақпақтар жаттау, мазмұнын айтып беру. Түрлі жанрдағы шығармаларды салыстыру. Шығармадағы негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру, сипаттама жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін немесе сәйкес еместігін нақтылау. Сөздерді қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық заңдарына сәйкес айта білу. Коммуникативтік мақсаттарға сай (топта сөйлесу, сұхбатқа қатысу, сахналау, рөлдік ойындар) сөйлеу мәдениеті этикеттерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде сөздік қорды кеңейту.
Сөздегі дыбыстардың саны мен бірізділігін анықтау. Дыбыстық талдау жасау. Дыбыстардың мағынаажыратушылық функциясын түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау). Сөздің мағынасын, сөйлемнің мәнісін түсіну. Дыбыс пен әріпті ажырата тани білуі; әріп — дыбыстың таңбасы ретінде. Жазылған сөздің әріптік құрылымын тану. Түрлі құрылымдағы сөздерді, 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді, 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен ұласпалы оқуға үйрету, мәтінді мұғалімнің сұрағы бойынша теріп оқу. Дауыстап оқу. Сөйлеудің интонациялық ұйымдасуына бақылау жасау (аяғындағы интонация, леппен айту, сұраулы интонация).
Дыбыстар мен әріптерді төменде көрсетілген бірізділікпен меңгерту ұсынылады:
1-кезеңде а, н, л, р, о, т, й, у, ш, с, м, ы;
2-кезеңде і, ң, и, д, е, қ, ұ, ғ, к, ү, г, ө, з, ә, ж, п, б;
3-кезеңде х, һ, щ, я, ю, в, э, ё, ц, ф, ч;
4-кезеңде ь, ъ белгілері.

Қазақ тіліндегі дыбыстарды, оның ішінде айтылуы ұқсас л — р, н — ң, с — з, с — ш, ж — ш, п — б, к — қ дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру. Орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Оқушылардың сөздік қорын байыту және белсендіру.
Сөздердің мағынасына бақылау жасау (мағынасы жуық сөздер, қарама-қарсы мағыналы, көп мағыналы). Мәтін туралы жалпы түсінік. Өз бетімен оқу барысында мәтінді түсінуі. Баяндау сипатындағы құрылымында ақаулары бар мәтінді қайта өңдей алуы. Тұтас сөздер арқылы оқуға өту, іштей оқу. Оқылғанның мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру; оқылған мәтін мазмұнының тақырыбымен байланыстылығы, түрлі жанрлардың ерекшеліктерін айқындау; көркем шығарманың тақырыбын, негізгі ойын анықтау; қойылған сұрақтарға дұрыс жауап құрастыра білу; көркем мәтін мен өзге (нұсқаулық, түйін, т.б.) мәтіндерді интонациясын дұрыс қойып оқу (хабарлы, сұраулы, лепті) және олардың мазмұнын айтып беру; теріп оқу, рөлге бөліп оқу, оқылғанға баға беру (ұнайды ұнамайды). Оқу тапсырмаларын орындауға керекті ақпаратты іздеу (мұғалімнің жетекшілігімен). Мәтін, сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну.
Сызбалардың көмегімен сөздің дыбыстық құрамын модельдеу. Сөйлемді модельдеу. Жазу жұмысына дайындық жаттығулары (денені дұрыс ұстау, дұрыс отыру, дәптерді дұрыс қою, қарындаштықаламды дұрыс ұстау). Кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру (жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, көлбеу, тік). Сурет салу, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу. Әріп элементтерін, бас әріптер мен кіші әріптерді, сөйлемдердің буындарын графикалық нормаларды сақтай отырып, бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу. Айтылуы мен жазылуында алшақтық жоқ сөздерден, пунктуациялық ережелерді ескере отырып, диктант жазу. Сөйлем құрамындағы сөздердің бөлек жазылатыны. Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатыны, сөйлемнің соңында нүкте қойылатыны. Сөйлем, шағын мәтіндерді (3-4 сөйлем) дұрыс құрастырып жазу. Есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу. Жазғанын үлгіге қарап тексеру; каллиграфиялық дұрыс жазу.
Ұғымдарды ажырату: зат және сөз заттың атауы ретінде. Қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың сөз-аталымдары. Сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түсін, дәмін, көлемін, санын, іс-қимылын) беретінін ұғындыру, оларды орынды қолдануға үйрету. Бір затты, көп затты білдіретін сөздер. Дыбыс. Әріп. Бас әріп және кіші әріп. Дыбыс түрлері: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату. Буын. Дыбыстардан буын құрау. Буындардан сөз құрау. Сөзді буынға бөлу. Дыбыстық-буындық талдау. Сөз және сөйлем. Сөздің мағынасы (сөздік жұмысы). Сөздерден сөйлем құрау. Сөйлемдерден шағын әңгіме (мәтін) құрау. Сөйлемнің тыныс белгілері (нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі).
Дұрыс жазу ережелерімен танысу және оларды тәжірибеде қолдану:
1) бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау, дұрыс жазу;
2) заттардың атаулары мен олардың санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді анықтау;
3) көптік жалғауды меңгеру және дұрыс қолдану;
4) жіктеу есімдіктерін ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану;
5) тәуелдік жалғауларын ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану;
6) іс-қимылды білдіретін сөздерді (етістік шақтарын) дұрыс қолдану;
7) сөйлемнің тыныс белгілерін (нүкте, үтір, сұрақ белгісі және леп белгісі) дұрыс қойып жазу;
8) мұғалім көмегімен сөздерді тасымалдау.

Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әр бөлім өз кезегінде әрі қарай бөлімшелерге бөлінген.
Бөлімшелерде оқу мақсаттары белгіленген, олар білім немесе түсінік, дағды немесе білік бойынша күтілетін нәтижелер түрінде берілген. Әрбір кіші бөлімшенің ішінде бірізділікпен орналастырылған және сол арқылы мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың еңбегін бағалауға оқытудың келесі кезеңі туралы ақпараттандыруға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары бірізділікпен орналастырылған.
Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше формаларынан көрінетіндіктен, оны психофизиологиялық процесс деп атайды. Дүние тануға қажет ақыл-ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. Баланың психикалық дамуы деген не? Баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сөйлеуі — осылардың бәрі баланың әлеуметтік өмір тіршілігіне байланысты ішкі дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, өскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік т.б. с.с. қасиеттер оның өсетін ортасындағы тәлім-тәрбиенің арқасында және қайшылықтарды жеңу үстінде қалыптасады, өйткені психикалық дамудың өзі баланың, ұмтылуы мен оған жету жолындағы мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтардың салдарынан туады (мысалы, ми қабығында болатын қозу мен тежелу, механикалық ес пен логикалық ес, ескі білім мен жаңа білім т. Б.). Балаға қойылатын талап пен сол талапты орындай алу мүмкіншілігі арасында да көптеген қиындықтар, кедергілер мен қайшылықтар кездесетіні белгілі. Ба — ла өзін ересек адам етіп көрсетуге тырысады, өзін асыра бағалайды, бірақ оның ақыл-ой өрісі, білімі, немесе тәжірибесінің аздығы оған кедергі болады. Сонымен қатар бала ішкі қайшылықтардан басқа сыртқы қайшы-лықтарға да кездеседі. Мысалы, әлеуметтік орта баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез-құлықты талап етеді, ал олар мұндай мінез-құлыққа дағдыланып жетпеген. Осы қайшылықтарды жеңу жолында да оған көптеген қиындықтар кездеседі.
Адамның жүйке жүйесі өзін қоршаған ортамен үздіксіз байланыс процесінде дамиды. Оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің міндеті — баланың саналы қызметінің формалары мен даму заңдылықтарын білу және сол процеске, белгілі бағытта мақсат көздеп, әсер ету.
Сонымен психикалық даму дегеніміз, жалпы алғанда, адамнын, қалыптасуындағы сапалық және сандық өзгерістер, ал жекелеп алғанда, анатомиялық-физиологиялық есею, жүйке жүйесінің жетілуі білімінің артуы, сезім мен моральдық үғымдардың пайда болуы, психи — калық процестердің қайта құрылуы, дүниеге көзқарастың қалыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етудің көрінісі, белгілі бір мінез-құлыққа дағдылану.
Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім мүшелерін жаттықтыру арқылы дамиды.
Мектепке алғаш қелген бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әр әріпке жекелеп көз тоқтатады, оқу аумағы тар бола — ды. Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат баланың көру, оқу аумағы кеңейіп, ол бірте-бірте буындап оқуға, онан әрі тұтас сөзді оқуға дағдылана бастайды. Мүндай дағдыға ие болу балаға оп-оңайға түспейді, ол кеп күш-жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе зейіні мен еркі үлкен роль атқарады. Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.
Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен айтылуы бірдей сөздерді оқу қиындық келтірмейді, ал айтылуы мен жазылуында өзгеріс болатын сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық қелтіреді. Ондай қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады, яғни ақ аю, сары ала сияқты жазылатын сөздердің оқылуының үлгісін мұғалім үнемі ескертіп, дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін дағдыланады.
Сауат ашу барысында баланың жазу процесінде де айтарлықтай ерекшеліктер ксздеседі. Алғашқы қезде бала ежіктеп оқыған сияқты, әр әріпті таңбалау бары — сында оның дыбысын дауыстап айтып отырады.
Сауатты адамдар жазғанда есінде тұтас сөзді ғана емес, сөйлемді ұстайды. Бірақ олар жазғанда еріктің бір толқынынан туған өзара байланысты, жүйелі бір қозғалысты (импульсті) іске асырады. Мысалы, бір сөз жазғанда бір импульс іске асады. Ал жаңа сауаттана бастаған бала бір әріпті жазу үшін оның құрамындағы элементтердің әрқайсысына (таяқша, ілмек т. Б.) бір-бір импульс жүмсайды. Мұнда да көптеген ерік күшін жұмсап, үнемі тиянақты зейін қойғанда ғана ұзақ уақыт жаттығу жұмыстарының нәтижесінде барып дағды қалыптасады: саусақ дағдыланады; ерік, зейін, сананы бағыттайды. Сана жазылатын әріптің немесе сөздің, сөйлемінің мазмұнын ұстайды; сөйтіп, бірте-бірте санада тұтас сөз немесе сөйлем сақталады да, оларды жазу тұтас бір акт ретінде орындалады

2.3. Сауат ашу әдісі туралы ұғым, әдіс түрлері.
XIX ғасырдың 60 — 70 жылдарындағы прогресшіл педагогтерге ортақ болған өзекті мәселе — бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны еді. Қазақ даласында білім таратушы көрнекті педагог Ыбырай Алтынсарин К. Д. Ушинскийдің еңбектеріне сүйеніп, қазақтың бас — тауыш мектептеріне оқулықтар жазды. XIX — XX ғасырларда сауат ашу жұмысы буын және тұтас сөз әдісі бойынша жүргізілді. Бүл әдіс түптеп келгенде, жаттауға негізделген, яғни бұл әдіспен оқыту барысында мағынасыз сөздер мен буындар құрғақ жат-татылатын. Осының салдарынан балаларды оқуға бірсыпыра дағдыландыра тұрғанымен, оқушылардың ақыл-ойын дамытып, дүние танымын қалыптастыру мардымды іске асырылмады.
Кеңес мектебінің негізгі әдісі талдау-жинақтау болып есептеледі. Бұл әдіс әсіресе 30-жылдардан бері кеңес әдіскерлерінің зерттеу еңбектерімен бірте-бірте толықтырылып, жетіліп келеді.
Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?
Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау ар — қылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.
Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайларға сүйену керек:
1. Кез-келген дыбысты сөз ішінен бөліп алуға және сөз ішіндегі айтылуына жақындатып бөліп айтуға болады (дауыссыздарды да даралап айтудан қашпау керек).
Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіңкіреп созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, р дыбыс үйретілуі қажет болғанда ара сөзіндегі а-ра буындары а-арра делініп, р дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады.
2. Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға р дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуда тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру ар — қылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардьщ назары р дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz