Әйел краннан аққан сумен мұрнын жуғаннан кейін қайтыс болып кетті

0
Әйел краннан аққан сумен мұрнын жуғаннан кейін қайтыс болып кетті


Әйел краннан аққан сумен мұрнын жуғаннан кейін миына қауіпті амеба түсіп, қайтыс болып кетті.

Сиэтл қаласының тұрғыны жылдың басында есінен танып қалып, ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның бас миын томографиға түсіріп, басында ісік бар деп күдіктеніпті. Артынша анықталғандай, олар қателескен боп шықты.

«Мен ол пациентке ота жасаған кезде, оның миының бір бөлігі қанды ботқаға айналғанын көрдім. Миының барлық жерінде амебалар болды. Олар жыбырлап, мидың жасушаларын жеп жатты. Не болып жатқанын түсіне де алмадым», – дейді нейрохирург Чарльз Коббс.

Сараптама нәтижесінде анықталғандай, 69 жастағы пациенттің өте сирек кездесетін әрі аса қауіпті гранулематозды амебалы энцефалит дертін жұқтырып алғаны анықталды. Бұл дертті амебаның Balamuthia mandrillaris деп аталатын түрі тудырады.

Өкінішке орай, дәрігерлер әйелді құтқара алмады. Ол қайтыс болып кетті. Дәрігерлер пациенттің дертті қайдан жұқтырып алғанын ұзақ уақыт бойы анықтай алмаған. Нәтижесінде олар әйел краннан аққан сумен мұрнын жуған деген тұжырымға келді. Айтуларынша, судың құрамында амеба болған. Мұнан кейін әйелдің мұрны тітіркеніп, артынша амебалар қан айланымы бойынша миға түскен.

«Бұл өте сирек кездесетін ауру. Мұрынның тітіркенуі миымен байланысты болады деген ешкімнің миына келмеген», – дейді зерттеу авторларының бірі Кинан Пайпер.

Өз кезегінде дәрігерлер мұрынды тек залалсыздандырылған, тазартылған немесе қайнатылған сумен ғана жууға кеңес берді. Олардың айтуынша, су құбырындағы судың құрамында болуы мүмкін организмдер ас қорыту жүйесінде өліп қалады, алайда мұрынның ішінде тіршілігін жалғастырады екен.

Дереккөз: stan.kz