Атыраулық азамат қайынбикесінің жуынатын бөлмесіне не үшін камера орнатқан? (ФОТО)

0

Атырауда жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан ер адам анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазан күні полицияға 36 жастағы атыраулық әйел хабарласып, пәтеріндегі жуынатын бөлменің қабырғасына жасырын камера орнатылғанын хабарлаған. Жеке өмірге қолсұғушылық қылмысын жасаған күдікті арызданушы азаматшаның күйеу баласы болып шықты.

Ауданда тұратын күйеу баласының айтуынша, әпкесінің үйіне жиі қонақтап келетін әйелін қызғанып, жасырын камера орнатып, тіпті жанына қалта қуаттағышын да жалғаған. 35 жастағы күдікті қылмысын толықтай мойындады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.