Геннадий Головкин алдағы жекпе-жекке жаттығуын бастады

0
Фото:instagram.com/gggboxing
BF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жаттығуын бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин Instagram парақшасында жаттығуға қайта оралғанын айтып, суретін жариялады. GGG суретінен ағасы Максим Головкинді, қазақстандық боксшы Әли Ахмедовті және жаттықтырушысы Кристофер Камачоны байқауға болады.

«Жаттығуға оралған керемет. Барлығын аман сау көргеніме қуаныштымын», — деп жазды Головкин.

Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты әлі жарияланған жоқ. Желтоқсанда Жапонияда жергілікті «суперчемпион» WBA Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді деген болжам бар.