Әсет Бейсеновтың ата-анасы Арон Атабекті түрмеге қамауды сұрады (Фото)

0

Олар ұлының өліміне ақын әрі диссидентті айыпты деп есептейді, деп хабарлайды kznews.kz сайты informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Ата-анасы Бас прокурорордан Арон Атабекке еркіндік бермеуді сұрады.
Әлеуметтік желіде олардың жазған хатының фотокөшірмесі тарап жатыр. Марқұм полицейдің ата-анасы Атабектің «саяси көзқарасының түзелуі оның адам өлтірген айыбын жуып-шая алмайтынын» айтқан.

«Төрімізден көріміз жақын қалған сәтте біздің әділдікке деген сенімімізді жоғалтпаңыздар. Біз жалғыз ұлымызды өлтірген адамның лайықты жазасын алғанын қалаймыз» деген хатта.

Алайда хат авторлары бұл мәселеге қатысты қандайда бір пікір білдіруден бас тартты.

Еске сала кетейік кеше «Шаңырақ» оқиғасына байланысты 18 жылға бас бостандығынан Арон Атабек бостандыққа шыққан болатын. Ол өмірінің 16 жылын темір тордың арғы жағында өткізген.

 

24 жастағы тергеуші Әсет Бейсенов қатты күйіктен есін жимастан, бірнеше күннен соң ауруханада дүние салды.