Неке шартының тәртібі | Скачать Курстық жұмыс
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ ЖШС-і
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: НЕКЕ ШАРТЫНЫҢ ТӘРТІБІ
ПӘНІ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ
Орындаған: Ә.Ә.Әбдімұрат
Ғылыми жетекшісі: Л.Ө.Дүйсалиева
Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.
Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Азаматтық құқық пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Дүйсалиева Л.Ө.
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. НЕКЕ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Неке шарты дамуының тарихы 5-7
1.2 Неке шартының мазмұны және оны жасаудың тәртібі 7-13
ІІ ТАРАУ. НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЗАҢЫ БОЙЫНША НЕКЕ ШАРТЫНЫҢ ӨЗГЕРТІЛУІ МЕН ТОҚТАТЫЛУЫ
2.1 Неке шартының өзгертілуі мен бұзылу тәртібі, мерзімі 14-20
2.2 Неке шартының жарамсыздығын тану және оның құқықтық
салдары 20-26
ҚОРЫТЫНДЫ 27-28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Отбасы қоғамда үлкен рөл ойнайды. Отбасы құқығы — отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жүйесін көрсететін, құқықтың бір саласы. Сонымен қатар, заңда анықталған жағдайдайларда — басқа да туыстар арасындағы қатынастарды реттейді.
Осыдан шығатын қорытынды: отбасы құқығы — неке қатынастарының пайда болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін теориялар жиынтығын зерттейтін ғылым.
Ерлі-зайыптылардың мүлкі жөніндегі қатынастың шарттық сипаты болуы, сондай-ақ қолданыстағы неке-отбасы заңының нормаларымен реттелуі де мүмкін. Мүлік режимі белгілі бір мүліктің ерлі-зайыптылардың біреуіне (өзіндік мүлік) тиесілі екенін немесе екеуіне де ортақ мүлік болатынын анықтайды. Ерлі-зайыптылар мүліктің режимі мен құқықтық мәртебесін, оның біреуіне тиесілі болуын өзара келісімі бойынша анықтай алады. Мұндай келісім болмаған жағдайда, ерлі-зайыптылар меншігінің заңды режимі некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.
Неке шартының ең тиімді жағы — ерлі-зайыптылардың арасындағы бітпес дау, орынсыз кикілжіңдерді болдырмай, бар мәселені заңмен шешетіндігінде болып отыр.
Өзектілігі: нормативтік-құқықтық актілерде неке шартының толық мәнін ашу және тәжірибеде қолдана білу керектігін көрсету керек. Неке шарты еліміздегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың теориялық та, практикалық та маңызы өте зор. Оның теориялық маңызы жеткілікті дәрежеде неке шартын реттейтін арнайы нормативтік актілердің болмауында. Ал оның практикалық маңызы некеге тұрушы немесе некеде тұрған көптеген азаматтар ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, неке шартын жасамайды.
Бұл курстық жұмысты зерттеудегі объектісі — мүлікпен байланысты және мүлік бойынша пайда болатын ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: неке шартының мағынасын ашу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— неке шарты мазмұнына түсінік беру;
— даму тарихын ашу;
— некеге тұру және оны бұзу тәртібіндегі неке шартының рөлі.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, пайдаланылған әдебиеттерден, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. НЕКЕ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Неке шарты дамуының тарихы
Неке — ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Некеге тұрушы немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты — нотариуспен расталған, жазбаша түрде некеге тұратын немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады. [І: 4; 10-11бб.]
Ең алғаш неке шартын өмірге енгізген Еуропа да, Америка да емес. Бұл құжат ежелгі заманда пайда болған. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын Ежелгі Греция мен Рим еркек пен әйел отбасы құрмас бұрын, мәміле жасап, онда мүліктік қатынастарын ойластырып, мұрагерлік мәселе туралы алдын-ала келісетін болған. Бұл әрекетті еш ұят немесе ерсі деп санамаған. Христиан діні пайда болғанға дейін мұндай келісім дәріптеліп келген.
ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында кейбір дамыған Еуропа мемлекеттерінде (Австрия, Англия, Франция, Германия) неке шарты институттары қайта құрылған.
Франция мен Англия неке шартын бұрыннан бері қолданылып келеді. Некеге тұрушы әйелдің туыстары некеге дейінгі мүлікпен және одан түсетін табыстарды пайдалана алды.
Кеңестік кезеңде шіркеу өз әсерін жоя бастады, бірақ неке шартына деген қатынасы өзгерген жоқ. 1918-жылы революциядан кейін Ресейде бірінші Неке және Отбасы заңдары туралы кодекс қабылданды.
1969-жылы Ресейдің Неке және Отбасы туралы кодексінде ерлі-зайыптылардың балаларының және ата-аналарының отбасындағы ара-қатынасын қатаң анықтады.
Әр отбасы — қоғамның бір бөлігі. Ол кезде ерлі-зайыптылардың негізгі мүлкі қолданыстағы заттар (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) болған еді, сондықтан меншік құқығын таныған жоқ. Бірақ кейін жеке меншіктің және нарық қатынастарының дамуынан жағдай қатты өзгерді.
Қазақстанда неке шарты болды, бірақ мазмұны басқа еді. Бұл шарт неке жасаудың тәртібін реттеді және әдет-ғұрыптардың негізінде түсіндірілді. Осында келешек ерлі-зайыптылардың ата-аналары немесе қамқоршылары келісетін еді. Олардың мәмілесінде қалыңдыққа қалым беру көлемі (жігіт отбасының қызға төлейтін ақшасы) көрсетілді. Оның қазіргі кездегі неке шартынан айырмашылығы — әйелінің ерінің мүлкіне, қалым төленген ақшаға ешқандай құқығы болған жоқ. Құқық жағдайына қарағанда, әйелі ерінің меншігі болды, сонымен қатар ерінің өлімінен кейін әйелі қалған мүлікпен тең болды, тектік үзілмес үшін оның қандас туыстарының бірінің әйелі болды.
1990-жылдары Совет Үкіметі құлағаннан кейін жаңа өзгерістер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі неке заңнамаларын қайта қарастыру керек болды. 1995-жылы Ресейде азаматтар неке шарттарын жасасуға мүмкіншілік алды. Ал Қазақстанда 1993-жылдан бастап осындай тәжірибенің іске асырылуына жол берілді.
Қазақстандық заңнамаларда неке шартын жасасу тек ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын реттеу үшін ғана қолданылады. Сонымен бірге көптеген мемлекеттердің неке шартында жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу көрсетілген. Мысалы, 1994-жылы Америка Құрама Штаттарында танымал миллиардер Билл Гейтс Мелинда Френчпен неке шартын жасасты, онда ол өзінің жылына бір демалыс күнін ашынасымен өткізетіндігі туралы айтылған. Әлем тәжірбиесінде міндетті жыныстық қатынастарды қағазға түсіретін шарттар да бар.
Қазір біздің республикада неке шартын жасасу көрсеткіші көрсетілмейді. Бұл құжатты жұбайлар нотариуста куәландырады. Заңгерлердің пайымдауынша, ерлі-зайыптылар арасындағы келісімді қатынастар кездеседі. Азаматтардың көбісі орта деңгейдегі адамдар болғандықтан, бөлісетін ештеңе жоқ. Бізге белгілі, неке шарты жұбайлар арасындағы мүліктік және қаржылық қатынастарды реттейді.
Заңгерлер неке шартының белең алмауының бір себебі: Кеңес менталитетінің басылмағандығы, онда жоғары моральдік принциптері, мәңгі махаббат және әр түрлі меншіктікке күресті басшылыққа алған еді. Ал неке шарты болса, ажырасу кезінде өзекті болып отыр. Ресми түрдегі неке байланыстары кезінде ешкім оның соңы бұзылуға әкеп соғады деп ойламайды. Ресми ақпаратқа сәйкес некеге тұрушылардың орта жас 19-20 жас аралығы болып табылады.
Әуелі некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олар неке жасына жетуі қажет. Дәлелді себептер болған жағдайда ғана мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал-актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып, қозғай алды. Барлық жағдайларды неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
1.2 Неке шартының мазмұны және оны жасаудың тәртібі
Көптеген мемлекеттердің заңгерлеріне неке шартының түсінігі бұрыннан белгілі. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында атақты ажырасу процесстерін кездестіруге болады. Атақты болуының себебі: көп миллионды мүліктің неке шартына байланысты бөлінуі.
Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы Кодексінің 38-бабында Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтар мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады деп көрсетілген.
2011-жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы Кодексінде неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жас деп белгіленді. Дегенмен, неке жасын төмендетуге де болады, ол үшін некеге тұруға ниет білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын азайтуға қажетті тиісті құжаттармен расталған себептерді көрсете отырып, неке жасын азайту туралы арыз береді. Жалпы, неке жасын азайтуға тек некеге тұрушылардың, сондай-ақ неке жасына толмаған адамдардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың келісімімен рұқсат етіледі. Неке шарты тек еркін түрде ғана жасалынады. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар ата-анасының, қамқоршысының рұқсатымен мәміле жасай алады. Заңдарда шарт жасасудың бірнеше шарттары бар. Егер ол үйлену тойына дейін жасалса, некені тіркеу күні өз күшіне енеді. Неке шарты тек жазбаша түрде және міндетті түрде нотариалды куәландырылады. Неке шартын жасасу кезінде тараптар ретінде некеге тұрушылар және сонымен қатар ерлі-зайыптылар тұра алады. Бұл тұлғалардың әрекет қабілеттілігі бар болуы тиіс (18 жастан бастап). [ІІ: 1; 78-79бб.]
Қазақстан Республикасының 2004-жылғы 7-шілдедегі №581 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңның 1 бабының 2-тармағы бойынша: Жас отбасы — ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған отбасы не 29 жасқа толмаған ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесір әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтін толық емес отбасы. Қазақстан Республикасының 14-29 жасқа дейінгі азаматтары жастар қатарына жатады..
Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда, неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Неке қию кезінде өкіл жіберуге болмайды. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органдарына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін. Неке қиюды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.
Неке шарты ол мәміле болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Азаматтық құқықтары мен міндеттерін өзгертуге не тоқтатуға бағытталған азаматтардың және заңды тұлғалардың іс-әрекеті мәміле болып табылады. [ІІ: 2; 59-60бб.]
Қазақстан Республикасындағы неке шарты некені мемлекеттік тіркеуге дейін және неке уақытында жасай алады. Некені мемлекеттік тіркеуге дейінгі жасалған неке шарты некені мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күшіне енеді. Жасалған неке шарты ұзақ уақыт немесе мүлдем өз күшіне енбейді. Бірақ бұндай шарт некеге тұрғанға дейін өмір сүре береді. Бірақ осындай жағдайдағы неке бірнеше жылдан кейін жасаса, оларға жиырма жыл бұрынғы неке шарты заңды күшіне ие болады.
Неке шартын жасауда ерлі-зайыптылардың екеуі де сыртқы әсерден еркін болуы керек. Ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісіне (некеге тұрушының бірін) немесе үшінші тұлғалардың (мысалы, ата-анасының) әсерінен жасалған неке шарты заңның қатаң сақталмағандығын көрсетеді.
Ерлі-зайыптылар неке шартына өз қол таңбаларын қоюы керек. Нотариуста оны куәландыру ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке бастарының келуімен куәландырылады. Неке шартын белгілі бір өкіл арқылы куәландыруға жол берілмейді. Нотариустың міндеті болып:
1) неке шартының мағынасын түсіндіру;
2) неке шартының мәнін ашу;
3) неке шартын жасаудағы заңды салдарының әсерін;
4) ерлі зайыптылардың заңдық ескертпеушіліктеріне байланысты кері салдардың қолданылмауын қадағалайды.
Неке шарты жасалғаннан кейін, ондағы ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерін пайдалану туралы келісімде айтылғандай: ерлі-зайыптылардың неке кезінде пайдаланған заттарына екеуі де бірдей құқылы болады.
Қазақстанда неке шарты көптеген себептер бойынша кең таралмаған. Атап айтатын болсақ:
— заң некедегі жұбайлардың қатынастарын дәлме-дәл реттейді;
— заңда жұбайлардың біреуі шарт ережелерін бұзған жағдайда неке шарты олардың біреуінің жағдайын нашарлата алмайды деген ереже бар;
— шарт нормасынан заң нормасы басым құқыққа ие;
— неке шарты — жұбайлардың толық, тең құқылы болып табылады.
5. Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы жаңа кодекс қабылданғанға дейін адамдар неке шартын жасаспай-ақ өмір сүріп келді, сонымен қатар олар бұл жас отбасыға ешқандай пайда келтірмейді, тек қана ұрыс-керістің көбеюіне алып келеді, -деп есептейді;
6. Қазақстан Кеңес дәуірінен бері ұмытылмаған тұрақты дәстүрді сақтап келеді. Ислам, христиан және республикамыздағы басқа да діндер ерлі-зайыптылардың өзара құқықтық қатынастар мәселесін басқа да заңдармен шешуді дұрыс деп санамайды;
7. Некеге тұратын адамдардың өздерінің мүлкі (пәтер, автомобиль, бағалы заттар) мен капиталдары (акция, бағалы қағаздар, банктегі шоттар және т.б.) болған жағдайда ғана неке шартын жасасудың мәні бар;
8. Көбінесе жастар арасында екеудің біреу шарт жасауға ниет білдірсе, екінші тарап оған сеніміздік білдіреді, яғни жағымсыз көңіл-күй өмірлік жұбай таңдауына күмән келтіреді.
Тараптар ажырасқан жағдайда, шарт бойынша мүлік қалай бөлінеді деген сұрақ та әркімді толғандырады. Көбінесе неке шартына отырушылар заң талаптарын мүлтіксіз орындай бермейді. Егер мүлік шартта көзделмесе, онда дүние бөлісу жалпы белгіленген режимнің заңына бағынады. Анықталған шарттың басталуына немесе басталмауына байланысты неке шартында ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері белгілі бір мерзімге шектелуі мүмкін. Мысалы, егер кім көп айлық тапса, сол үйдің шығынын көтеріп алады.
Сонымен қатар неке шартын жасасу қажеттілігін ерлі-зайыптылар өздерінің қалауы бойынша шеше алады. Кейбіреулері бұған ойланбастан келіседі, ал кейбіреулер қарсылық білдіреді. Неке алғашында мүліктік қатынастарды, кейіннен әлеуметтік және жеке қатынастарды реттейді. Неке шарты әйел мен еркектің мүліктік міндеттерін тең дәрежеде қорғайды.
Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы Заңның 40 бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың неке шарты мен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін (осы заңның 32-бабы) өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы.
Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін. Соныман қатар неке шарты ерлі-зайыптылардың өзара күтіп бағу жөнінде құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін енгізуі мүмкін. [ІІ: 3; 48-49бб.]
Азаматтық заң — өтірік, күш көрсету, қорқыту негізінде жасалған мәміле, сонымен қатар қиын жағдайда, ал екіншісі сонымен пайдалану нәтижесінде жасалған мәміле жарамсыз деп танитын нормалардан тұрады. Осыдан біз мынандай қорытынды жасай алмаймыз, яғни неке шарты ерлі-зайыптылардың біреуін қолайсыз жағдайға қалдыратын нормаларды (ережелерді) қарастыра алмайды. Неке отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды.
Ерлі-зайыптылардың некелік өмірі барысында жинақталған қоры, кәмелетке толмаған балалардың атына салынса, осы балаларға тиісті болып есептеледі. Ол мүліктік бөлісу кезінде есептелмейді және сәйкесінше неке шартының объектісі болып есептелмейді. Ата-анасы тірі кезінде бала олардың мүлкіне құқысы жоқ және баласының мүлкіне ата-анасының құқысы болғандықтан, неке шартын жасау барысында, ерлі-зайыптылардың мүлкін балалар мүлкінен шектеу керек.
Негізінен бала өзі кіргізген кіріске сыйға немесе ата-анасына қалған мүлікке және өзі тапқан басқа мүлікке жеке меншік иелік құқығы бар.
Неке шартында ерлі-зайыптылардың ажырасу кезінде және мүлікті бөлу кезінде белгілі бір заттар кімге беріледі, оларға баға қалай беріледі, кім және қандай мөлшерде ақшалай компенсация төлейтінің анықтауға мүмкіндіктері бар.
Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттерді белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін. Сәйкесінше неке шартында көзделген мүліктік құқықтар мен міндеттердің пайда болуы әртүрлі, соның ішінде жеке мүліктік емес әртүрлі мінездегі белгілі бір жағдайлардың туындауы немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін.
Неке шарты көлемді мәселе, яғни ол қанша қандай шарттарды құрайды және заңмен көзделген мүліктік құқық пен міндеттердің қайсысын реттейтінін, некеге түсуші тұлғалар немесе ерлі-зайыптылардың өздерінің қарауы бойынша шешіледі.
Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы Кодексіндегі неке шартында ерлі-зайыптылардың мүліктік құқығы мен міндеттерін неке кезінде немесе ол бұзылған кезде анықтай алады деп көрсетілген, яғни бұл некені тоқтату негіздерінің бірі болып табылады. Өйткені ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда да неке тоқтатылады. Сәйкесінше некені тоқтату негізі ретінде оны бұзушылық мәселесі айтылған, онда неке шартында ерлі-зайыптылардың бірінің өлімі жағдайында мүліктік құқық пен міндеттерді анықтау мүмкін емес.
Неке шартының объектісі — мүлікпен байланысты және мүлік бойынша пайда болатын ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері болып табылады. Ерлі-зайыптылардың мүлкі — неке өмірі барысында жинаған немесе әрқайсысының бөлек меншігінде тұратын мүлік. Ерлі-зайыптылардың жеке меншігі мен бірлескен мүлкін ажырату заңда бекітілген. Ерлі-зайыптылардың бөлектенген меншігі деп оның неке құрғанға дейінгі мүлкі және некеден кейінгі жинаған қорға алынған мүлік есептеледі. Бұдан басқа бұл қатарға ерлі-зайыптылардың сыйға алынған мүлкі, мұра және тағы басқалары сияқты ақысыз берілген мүлік түрлерін жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша, сый ауызша түрде өте алады. Оны тапсыру — негізінде символикалық тапсыру негізі ретінде өтеді. Алайда айқындалған жағдайда сый жазбаша түрде болса, онда мемлекеттік тіркеуден өтуі керек. Сыйға тартылған нәрсені ерлі-зайыптылардың бірінің меншігі деп есептеу үшін, сый дәл сол жұбайының пайдасына жасалуы керек. Бұл мәселені шешуде дұрыс қадам жасау тәжірибелік қызығушылықты ұсынады, өйткені бұл нақты затқа қандай құқықтық режимнің тарауына байланысты болады. [ІІ: 4; 68-69бб.]
ІІ ТАРАУ. НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЗАҢЫ БОЙЫНША НЕКЕ ШАРТЫНЫҢ ӨЗГЕРТІЛУІ МЕН ТОҚТАТЫЛУЫ
2.1 Неке шартының өзгертілуі мен бұзылу тәртібі, мерзімі
Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы Кодексінің 41-бабының 1-тармағына сәйкес неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Сонымен бірге неке шартын өзгерту немесе бұзу неке шартына сәйкес жасалады, яғни сәйкесінше ол жазбаша жасалады және нотариуспен куәландырылады.
Неке шартын орындаудан бір жақты бас тартуға жол берілмейді. Егер шарттың бұзылуы мен өзгертілуіне бір тарап себепші болса, келесі тарапқа кеткен шығын үшін орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Неке шартын өзгерту және бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 402-бабына сәйкес неке шартын өзгерту және бұзу талабы көрсетілген ережеде немесе заңнамада немесе келісімде екі тараптың бірі неке шартын өзгерту немесе бұзуға уақытында келісім бермеген немесе неке шартын өзгерту мен бұзудан бас тартқан жағдайда сотқа беріледі. Бұдан шығатын сот шешімі бойынша неке шартын өзгерту немесе бұзу ерлі-зайыптылардың арасында сотқа дейінгі шиеленісті реттеу процедурасы міндетті болып табылады. [І: 2; 56-57бб.]
Шарт бұзылғанда екі тараптың міндеттері тоқтатылады.
Шартты өзгерткен немесе бұзған жағдайда екі тараптың міндеттері шарт өзгертілген немесе бұзылған уақыттан бастап өзгертіледі немесе тоқтатылады.
Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың шартының өзгертілуі немесе бұзылуына дейінгі келісім бойынша жасалған іс-әрекеттің орнын талап етуге құқығы жоқ.
Неке шартын бұзу немесе өзгертуді жүзеге асыру барысында кредитордың құқығы кепілдемесіне үлкен көңіл бөлу керек. Өйткені кейбір кезде екі тараптың бір несиеге берушінің қарыздары болып табылады, яғни оған қарыз тұлға болып саналады. Бұл жағдайда көрсетілген тарап өз несиеге берушісін шартты өзгерту немесе бұзу туралы алдын-ала ескертуі қажет. Бұл міндет орындалмаған жағдайда неке шартының мазмұнына қарамастан ерлі-зайыптылардың бірі өз іс-әрекетіне жауапты болуы керек. Мысалы, ерлі-зайыптылар неке шартын құрады, оған сәйкес күйеуі әйеліне қала жанындағы үйін береді. Алайда, бұл үйге кредитор залог бойынша үміткер болып табылады. Бұл жағдайда неке шарты үйді әйеліне беру ережесі жарамсыз, ал күйеуі өз міндеті бойынша іс-әрекетке жауапты болып табылады.
Қарыздар жұбайдың некеге берушісі өзара келіскен шарттарды өзгерту және бұзуды азаматтық заңда бекітілген тәртіп бойынша талап етуге құқылы.
Жоғарыда көрсетілгеннен шығатыны, неке шарты сияқты құқықтық актіні жасауда оның артықшылықтары көрінеді. Неке шарты екі тарапты жағымсыз іс-әрекеттен сақтайды,отбасының қатынастарын реттеп, неке бұзылған уақытта қажетсіз шиеленіс, реніш және тағы басқа келенсіз жағдайлардың алдын алады. Неке шартының бұзылуы отбасы құлдырағанда, жойылғанда іске асады, жалпы бұны позитивті жағдай деп қарастырмайды.
Неке шартының өзгертілуі және бұзылуы — жағдайлардың түпкілікті түрде өзгергенде болуы мүмкін. [ІІ: 5; 88-89бб.]
Жағдайлар түпкілікті өзгерген деп танылды. Егер ерлі-зайыптылар неке шартын құру барысында болжай алған болса, неке шарты тіпті жасалмас еді немесе басқа жағдайда жасалар еді. Осындай негіз бойынша неке шарты сот тәртібі бойынша бұзылады немесе өзгертіледі.
Ескере кететін жайт, бұл шарттар неке шарты негізінде пайда болады, ерлі-зайыптылардың қатынастарына қолданылмайды. Өйткені олар азаматтық құқықтық қатынастарға арналып жасалған және ол орнын толтыратын келісімдермен байланысты, сондықтан сот ерлі-зайыптылардың неке шартын өзгерту және бұзу сүйеніп … жалғасы