Алматыда 5 адамды өлтірген Дужнов Донбасс соғысына қатысқан (Видео)

0

Игорь Дужновтың банктен басқа, жеке тұлғалардан алған миллиондаған қарызы болған. Сол қарыздарды қайтармау үшін Дужнов Донбаста соғысқаны туралы айтқан, деп хабарлайды kznews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Отбасының бұрынғы досының айтуынша, Дужнов одан 35 мың еуро алған және он жылдан бері бермей келеді. Олардың бірі әлеуметтік желіде шу көтеріп, маған қолхатпен берген 200 мың долларды қайтармағанын айтты. Екі жыл өтсе да қарыз туралы одан ешқандай жаңалық болған жоқ. Ол кезде Игорь Дужнов жора жолдастарына Донбастағы соғысқа қатысқанын мақтанышпен айтатын. Егер оның бұл сөзі рас болса, онда ол сепаратизм бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

Винокурова Дужновтың Донбасс жайлы мақтана айтатынын есіне алды.

– Дужновтың екі жыл бойы із-түссіз жоғалып кеткен, ол қолхатпен миллиондаған ақша алып, тайып тұрды. Сонымен бірге оның әйелі Демирчян полицияға арыз жазып, күйеуінің жоғалғанын қарыздарын сұраған адамдардан көрді. Екі жылдан кейін оралған Дужнов өзін іздеп келген адамдарға Донбастағы соғысқа қатысқанын мақтанышпен айтты, – дейді Винокурова.

Игорь Дужнов қазір қамауда. Аптаның басында ол үйін босатуды талап еткен сот орындаушысын ауласында атып өлтірді.

Оқиға фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ журналист Диас Нұрақын мына фотоны жариялап, мынадай жазба қалдырды.