Оқ-дәрі саудасының артында министрден басқа да тұлғалар тұр – генерал Исенғұлов

0

Қазақстандағы әскери оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстардың жиілеуінің негізгі себебі саладағы жемқорлық. Мұндай ашық мәлімдемені Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, қазіргі «Қазақстан генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің президиум мүшесі Айтқали Исенғұлов жасады, деп хабарлайды kznews.kz сайты caravan.kz-ке сілтеме жасап.

«Жалпы мұндай жарылыстардың астарында қару-жарақтың заңсыз саудасы жатыр. Мен оған үнемі қарсы болатынмын. Қорғаныс министрлігіндегі қызметімен кетуіме де осы жағдай себеп болды.

Бірде маған министрліктің қарсы барлау қызметінің бастығы, полковник Борис Гундарь келіп, қару-жарақтың толық партиясының сатуға дайындалып жатқанын баяндады. Оның ішінде «Градов», «Урагана», «Смерча» маркалы снарядтары да бар. Қару-жарақ Қорғаныс министрі, генерал Әлібек Қасымовтың шешімен заңмен  бекітілген бағадан әлдеқайда төмен саудаланып жатты. Осыдан кейін маған министр қол қойған қару-жарақты сатуға рұқсат беру туралы қағазды алып келді. Құжат айналымының талабына сай министр құжатқа өз орынбасарларынан кейін ғана қол қояды.

Мен өз дегенімде тұрып әлгі құжатқа қол қоймайтынымды айттым да ем алу үшін демалысқа шығып кеттім. Госпитальда жатқанымда маған министрдің жарақтандыру бойынша орынбасары генерал-майор Сапсай келіп, Арыстағы қойманың қару-жарағы тиелген ұшақтың Шымкентте тұрғанын айтты. Оның тиісті жерге ұшып кетуіне сату туралы құжатқа қойылмауы кедергі болып тұрған көрінеді. Мен одан әлдебіреудің қоймаға кіріп, қару-жарақты ұшаққа тиеп алуының себебін сұрадым. Әріптесім бұл министрдің ауызша бұйрығы екен айтты. Ал мен болсам «Қорғаныс министрінің жазбаша бұйрығы болмаған соң түрмеге өзің отырасың» деп ескерттім. Шынында солай болды.

Арыстағы жарылысқа дейін де ондағы қару-жарақ талан-таражға түсті. Министрлің орынбасарын соттағанмен одан ешнәрсе өзгермеді. Мен оқ-дәрі, қару-жарақ саудасының артында министр Қасымовтан басқа да тұлғалардың тұрғанын ашық айта аламын.

Жақында басылымдардың бірінен Арыстағы қойманың өртке қарсы белгі беру жүйесіне 655 миллион теңге қаражат қарастырылғанын оқыдым. Шын мәнінде бөлінген қаржының үштен бір бөлігі, тіпті одан аз мөлшері ғана мақсатты жұмсалған. Жұмысқа жауапты мердігер оны қосымша мердігерге берген. Өз ісіне немкетті қарағандар ізін жасыру үшін жарылыс жасады», — деді генерал.

Оның айтуынша қорғаныс жүйесінің жиі сын тезіне ілінуінің тағы бір себебі кадр саясатының әлсіреуі болуынан мүмкін.

«Қазір Қорғаныс министрінде жарақтандыру бойынша орынбасар жоқ. Ондай лауазымды алып тастап, салаға жетекшілік жасайтын орынбасар дегенді ойлап тапты. Жетекшіде жауапкершілік болмайды. Министрлікте штат түбегейлі өзгертті. Меніңше Қорғаныс министрлігіндегі жауапты қызметке басқа құрылымнан офицерлерді әкелу тәжірибесінен бас тарту керек», — деді ол.

Болат Мылтық