Алматы маңында жер сілкінді

0

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 19 қыркүйек күні 09 сағат 01 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 187 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 8.1. Магнитудасы 3.7. MPV. Бағыты 44.73°с.е. 77.89° ш.б. Тереңдігі — 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ», — делінген хабарламада.