Ұстаздарды ұрлықы тірлік жасауға мәжбүрлеген кім?
Ерлан Сағадиев білім және ғылым министрі атанғанда Фудмастер секілді компанияларына пиаршы ретінде қызмет етіп келген Майраш Тайкенованы министр кеңесшісі етіп тағайындаған.
8 қыркүйек күні сол Тайкенова Власть.кз басылымына көлемді сұхбат беріп, пиаршы ретінде қалай қалыптасқанын әңгімелеген.
Сұхбатта Тайкенова білім министрлігіндегі тәжірибесіне келгенде министрлікте жүріп трольдер қызметіне жүгінгенін айтыпты. Сөзбе-сөз келтірейін. Бүй дейді:
«Вообще за 3,5 года работы в министерстве мы с ним пережили 4 информационные войны. До МОНа я с этим никогда не сталкивалась. А тут, я приехала в Астану 20 февраля, а 1 марта у нас началась война. Нас начали убивать, убивать изощренно. Подключили ботов, тысячами, российских, украинских. А у меня были только я сама и еще две молодые девочки. Выпускницы МУИТ, невероятно работоспособные и подкованные в IT. Если б не они – мы бы завалились. И вот мы воевали-воевали, мне даже пришлось создавать своих троллей в противовес. На войне как на войне, сама понимаешь. И для того чтобы получить численное преимущество перед противником, мы сделали тогда небывалую вещь».
Сөздің сарынына қарағанда, Тайкенова бейәдеп әрекетке барғанын байқамай отырғандай. Тағы да айтамын, Білім және ғылым министрінің кеңесшісі өз дегеніне жету үшін трольдер пайдаланғаны ашық айтып отыр.
Сонымен қатар, бұл қызметке Халықаралық ақпарат технологиялары университетінің түлектерін тартқанын мақтан көріп отыр.
Мұнымен шектелмейді. Ары қарай одан жаман.
Министр кеңесші ақпарат соғысын жүргізгенін айтты ғой. Енді сол ақпараттық соғыста бүкіл мектеп мұғалімін пайдаланғаны мойындап отыр. Сөзіне қайта үңілейік:
«Учителя в 2016 году тогда не сидели массово в соцсетях, их не было ни в Инстаграме, ни в Фейсбуке, они им и не снились. А мы административным путем сказали тогда: «Всем зарегистрироваться на Фейсбуке! И воевать. Если мы сейчас не отвоюем наше образование, мы впадем в мракобесие». И учителя тогда зашли на Фейсбук. Это было так наивно, конечно: «мы за Сагадиева», «мы за реформы». Но факт в том, что они там все оказались и мы заполонили информационное поле нашими сторонниками и свои позиции тогда отыграли. А потом эта война резко остановилась».
Әкімшілік ресурсты қолданып, мұғалімдерді әлеужеліге тіркеткен, сөйтіп «Біз Сағадиевті қолдаймыз» деп жаздырған. Сөзімнің дәлелі ретінде сұхбаттан скрин тіркеп отырмын.
Дархан ӨМІРБЕК Facebook парақшасынан алынды.