Меркі ауданында халық тасжолды жауып тастады (Видео)
Бүгін сағат 12:50-де Жамбыл облысына қарасты Меркі ауданы әкімдігі алдына жүз шақты адам жиналып, орталық базардың көшірілуіне қарсы шығып, тас жолды жауып тастады.
Қазіргі таңда аудан әкімі Р.Нұрсипатов, аудан әкімінің орынбасары Б.Бегалив және ауылдық округ әкімі жиналған тұлғалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Аудандық полициямен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша шаралар атқарылуда.