Талибан Панджшерді басып алды
«Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Панджшер провинциясын толықтай басып алғанын мәлімдеді деп хабарлайды Nur.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
«Талибан» өкілі Забихулла Муджахид Панджшер провинциясы толығымен басып алынғанын және талібтердің бақылауына өткенін айтты. Панджшер – осы уақытқа дейін Талибан билігінде болмаған жалғыз Ауғанстан аумағы. Ұлттық қарсыласу күшін Ахмад Масуд басқарды. Тәлібтер қарсылық қозғалысының жетекшісі Ахмад Масудты қан төгіссіз берілуге көндіруге тырысты. Өткен аптада провинцияда қақтығыс орын алды. Кейінірек белгілі болғандай, тәлібтер Панджшердегі қарсылық жетекшісімен келісім жасаудан бас тартқан. Еске сала кетейік, «Талибан» радикалды қозғалысы жергілікті әкімшіліктер мен әскери қызметкерлерге бүкіл Ауғанстан аумағында әуеге оқ атуға тыйым салуға нұсқау берді. Жексенбіде тиісті өкімнің мәтінін қозғалыс өкілі Забихулла Муджахид Twitter-де жариялады.